Заң қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, адамның құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Әр азамат Конституция мен заңдарды сақтауға, өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге міндетті. Бұл қағида жаңа Конституцияда да азаматтық жауапкершіліктің маңызды негіздерінің бірі ретінде бекітілген. Заңды құрметтеу күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден басталады. Жол ережесін сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және өзгенің мүлкіне құрметпен қарау – соның мысалы. Құқықтық мәдениет жоғары болған сайын қоғамдағы тәртіп те нығая түседі. Сондықтан заң талаптарын білу әр азамат үшін маңызды.
Ерзат АСЫЛ
