Қауіпсіздік дегенде көбіміз полиция қызметкерін, патрульдік көлікті немесе бейнебақылау камерасын елестетеміз. Бірақ шын мәнінде қауіпсіз қоғам тек полицияның жұмысына байланысты емес. Ол – көшедегі тәртіптен бастап, үйдегі қарым-қатынасқа, интернеттегі бір ғана басқан сілтемеден бастап, көлік тізгініндегі бір секундтық шешімге дейінгі үлкен жүйе.
Құқықбұзушылықтың алдын алу – қылмыс жасалғаннан кейін әрекет ету ғана емес, оның себептері мен оған алып келетін жағдайларды ертерек байқап, болдырмау. Қазақстанда 2026 жылғы 2 наурыздан бастап «Құқықбұзушылықтардың профилактикасы туралы» жаңа заң күшіне енді. Оның негізгі бағыты – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ құқықбұзушылыққа әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтап, жою.
Демек, қауіпсіздік туралы сөз қозғағанда «полиция не істейді?» деген сұрақпен шектелуге болмайды. «Мен не істей аламын?», «Менің ортамда қандай қауіп бар?», «Оны қылмысқа жетпей тұрып тоқтатуға бола ма?» деген сұрақтар да маңызды.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
