Ұрлықтың алдын алу үшін міндетті түрде қылмыскерді іздеу қажет емес. Кейде қылмысқа мүмкіндік бермеудің өзі жеткілікті.
Ашық қалған есік, қараусыз тұрған телефон, ауладағы велосипед, көліктегі көзге көрінетін бағалы зат – ұсақ деталь болып көрінгенімен, қылмыс жасауға қолайлы жағдай туғызуы мүмкін.
Полиция тәжірибесінде мүлікті қараусыз қалдыру ұрлықтың алдын алудағы маңызды мәселелердің бірі ретінде көрсетіледі. Мысалы, Алматы полициясы мопед, велосипед пен самокаттардың көп жағдайда подъезде, аулада немесе дүкен алдында қараусыз қалдырылған кезде ұрланатынын ескерткен.
Сондықтан мүлікті қорғау тек құлып пен камераға тірелмейді. Қауіпсіздік жүйесі бірнеше қарапайым әдеттен тұрады: есікті құлыптау, құнды заттарды қараусыз қалдырмау, көлік пен үйді қорғау құралдарын пайдалану, қажет болса көршілермен байланыста болу.
Қауіпсіздік техникасы қарапайым болған сайын, оны орындау оңай. Ал ең жақсы алдын алу – қылмыс жасалғаннан кейін іздеу емес, оған мүмкіндік бермеу.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
