Перейти к содержимому
Басты бет / Өңір тынысы / Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

9 қаралым

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қонаев қаласында соңғы тәулікте орташа айлық көрсеткіштің жартысындай болатын қар түскен. Осыған байланысты қала әкімі Нұрлан Құматаевтың тапсырмасына сәйкес, коммуналдық қызмет көрсетуші компания күшейтілген тәртіпте жұмыс жасап жатыр. Қазіргі таңда көшелерді тазалау үшін 11 техника, 30 адам жұмылдырылған. Ең алдымен қоғамдық көлік жүретін жолдар тазаланып жатыр. Содан кейін басқа көшелер тазаланады.

Қонаев қалалық әкімдігі көлік жүргізушілеріне тез арада қыстық дөңгелектерге көшуге кеңес береді. Естке сала кетейік, көлікті техникалық талапқа сай пайдаланбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.