-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Все новости Спорт

    Медицина саласындағы палуан

    15.12.2023
    in Спорт
    Медицина саласындағы палуан
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Мақсатжан Нурайсанов Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында 10 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Мамандығы – зертханашы. Алматы қаласының 5 дүркін, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы жақында Алматы қаласында грэпплинг спорты бойынша өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.

    Бала кезінен спортпен айналысатын ол медицина саласын таңдауына анасының ықпалы болғанын айтады.
    – Мен Республикалық жоғары медициналық колледжді аяқтаған соң, «Алматы» университетін биология мамандығы бойынша оқып, бакалавр дәрежесін алдым. Одан кейін зертханашы курсын оқыдым. Еңбек жолымды осы салада бастағанда мамандық таңдауда қателеспегенімді түсіндім. Әрі анамның арманы орындалды деп ойлаймын, – деді Мақсатжан Нурайсанов.

    Іле аудандық орталық ауруханасының директоры Бауыржан Ысқақ маманның медицинамен қатар спорт саласының дамуына да үлес қосып жүргенін айтады.
    – Мақсатжан орталық аурухананың тәжірибелі, әрі білікті маманы. Ауруханада 2013 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Медицина саласымен қатар спорт саласына да еңбек сіңіріп, еліміздің намысын қорғап жүрген азаматтардың бірі, -деді Бауыржан Ысқақ.

    Айта кетейік, Мақсатжанның кәсіби спорт (грэпплинг) саласында да жеткен жетістігі көп. Ол 2018 жылы Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатына, 2021 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатына қатысқан. Өз салмақ дәрежесінде Азия бойынша үздік бес спортшының қатарында.

    Ұсынымдар

    Момышұлы өмірінің белгісіз беттері

    Момышұлы өмірінің белгісіз беттері

    2 years ago
    Коммуналдық қызмет тарифі қымбаттайды

    Коммуналдық қызмет тарифі қымбаттайды

    2 years ago
    Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді

    Алматы облысының тұрғындары газ бағасының қымбаттағанына наразы

    2 years ago
    Сөгеті ауылының ұстаздармен АЭС салуды қолдау жөніндегі кездесу өтті

    Сөгеті ауылының ұстаздармен АЭС салуды қолдау жөніндегі кездесу өтті

    11 months ago
    «Таза Қазақстан» акциясы белсенді түрде жалғасуда

    «Таза Қазақстан» акциясы белсенді түрде жалғасуда

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>