⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Сәуір 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл тынысы

    Алматы облысында ұлттық және ат спорты түрлерінен чемпионат басталды

    10.03.2023
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият, Спорт
    Алматы облысында ұлттық және ат спорты түрлерінен чемпионат басталды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысының Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында ұлттық және ат спорты түрлерінен чемпионат басталды. Alatau News сайтының хабарлауынша, 12 наурызға дейін жалғасатын додада спортшылар жамбы ату, теңге ілу, көкпар, дәстүрлі садақ ату, құмай тазыны шырғыға тартудан бақ сынайды. Садақ ату сайысына облыс спортшыларынан бөлек республиканың бес аймағынан мергендер қатысады. Жарыста барлығы 200-ге тарта спортшы сайысқа түседі.

    «Біріншілік ұлттық спортты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Доданың өтуіне облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қолдау көрсетті. Жарыстың жоғары деңгейде өтетініне сенеміз», – деді ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.

    10 наурызда жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, теңге ілудің іріктеу және ақтық кезеңдері, көкпардың іріктеу кезеңі, құмай тазыны шырғыға тартудың ақтық кезеңі өтеді. 11 наурызда көкпаршылар ширек финалда және жартылай финалда тартысқа түседі, 12 наурызда үшінші орын үшін және ақтық кезеңде тартысады.

    Көкпарда 1-орын иеленген командаға 1 млн. теңге ақшалай жүлде, екінші орын алған командаға 500 мың теңге, 3-орын алған командаға 300 мың теңге тағайындалған. Бұдан бөлек, спортшыларға 50, 30 және 20 мың теңге сыйақы беріледі.

    Әз Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық және ат спорты ойындарының дәріптеліп жатқанына тұрғындар разы.
    «Шонжы шаңдауыт жер болса да, облыстық чемпионаттың ауылымызда өтіп жатқанына ризамыз. Бізден кейінгі өскелең ұрпаққа бұл шара – үлгі боларлық іс», – деді тұрғын Нақышбеков Рысдәулет.

    Tags: жамбы атукөкпарсадақ тартутеңге ілуұлттық ат спортычемпионат

    Соңғы жаңалықтар

    2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы: Ақпараттық шабуылдар жаңа технологиялық деңгейге шықты. Басты нысанада – ІІМ мен ЕХӘҚМ. Анонимді арналар арқылы ұйымдастырылған шабуылдар жиіледі
    09.04.2026
    Шеңгелді ауылдық округі әкімінің орынбасары таныстырылды
    09.04.2026
    Шеңгелдідегі ауыз су жүйесі жаңғыртылады
    09.04.2026
    Хабарландыру: Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді
    09.04.2026
    Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжіліс Парламентінің вице-спикері Дания Еспаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев білдірді
    09.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>