-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шарындағы түйткілдер қашан шешіледі?

    20.12.2023
    in Барлық жаңалықтар
    Шарындағы түйткілдер қашан шешіледі?
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданына іссапармен барғанда Шарын ауылына арнайы атбасын бұрған еді. Аймақ басшысы аталған елдімекеннің тыныс-тіршілігімен жіті танысып, ондағы әлеуметтік нысандардың әбден тозығы жеткенін көзбен көріп, көңілге түйіп қайтқан. Енді біз тұрғындарды алаңдатқан осынау өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталғанды жөн көрдік.

    Қарадала төсіндегі Шарын ауылын айтқанда, Кеңес Одағы тұсындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Свердлов ұжымшары еске түседі. Жүгерісімен даңқы шыққан ауыл облыс қана емес, республикаға танымал болған. Ауылдағы ағайынның егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытудағы толағай табысы ел қазынасын толтыруға өзіндік үлес қосқан.
    Бүгінгі күнде де сол береке тарқаған жоқ. Шарын ауылы – Ұйғыр ауданындағы әлеуметтік-экономикалық әлеуеті алға басқан округтердің бірі.
    Өрісі малға, даласы дәнге толған ауыл болса да, мұнда өзекті мәселелер шаш етектен. Атап айтсақ, жөндеу көрмеген Мәдениет үйі, қабырғасы қақыраған мектеп, тозығы жеткен аурухана…

    Шарын ауылындағы Мәдениет үйі – іргетасы 1976 жылы қаланған, 500 орынды, екі қабатты ғимарат. Осынау жарқыраған кең сарай Кеңес өкіметі тарағанда қараусыз қалады. Тек 2003 жылы ғана Ұйғыр ауданы әкімінің балансына өтіп, бас-көз болатын қожайын табылды. 2009 жылы жөндеу жұмыстары басталған.
    Алайда жауапсыз мердігердің кесірінен қолға алған іс аяқсыз қалады. Қыста ғимарат ішінде жұміс істеу мүмкін емес. Өйткені жылу жоқ. Мәдениет қызметкерлері бір бөлмеде тығылып, өздері пеш жағып отыр. Ауыл кітапханасы да осында орналасқан. Олар да тар бөлмеде жұмыс істеуге мәжбүр. Терезелері шағылып, сылақтары сыпырылып, едені сықырлап тұрған Мәдениет үйінің халі шынымен мүшкіл.
    Шарындағы ғимаратты жөндету мақсатында жоба-сметалық құжаттар жасалған. Оның құны 460 миллион теңге екен. Сараптамадан да өткен. Бірақ биыл қаражат қарастырылмады. Келер жылы деп шегеріле берсе, қаржы бөліп жасалған жоба-сметалық құжаттар да жарамсыз болып қалуы әбден мүмкін.

    Шарын ауылында екі білім ордасы бар. Бірі – Д.Қонаев атындағы мектеп, екіншісі – М.Хамраев атындағы аралас мектеп. 1989 жылы іргетасы қаланып, 1991 жылы қолданысқа берілген М.Хамраев атындағы орта мектепте бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан өзекті мәселе бар. Ол – мектеп іргетасына сызат түсіп, ғимараттың бір бөлігі апатты жағдайда тұр. 1176 балаға арналған мектепте 784 оқушы білім алып, 108 мұғалім еңбек етеді. «Мектептің апатты жағдайда тұрған жағы жөнделсе, балалардың қосымша білім алуына мүмкіндік туатын еді», – дейді мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Дастан Тұрсынов.

    2012 жылы күрделі жөндеуден өткен мектепке 2019 жылы арнайы техникалық қорытынды жасалып, Е блогы апатты жағдайда деп жабылған. Соның кесірінен мұғалімдер бөлмесі де тарлық етіп жатқан жайы бар. Ал оқушылар сабақ бөлінісінде сынып жетпей шарқ ұратыны да рас. Ауыл тұрғындары мен мұғалімдер атынан осы уақытқа дейін бұл мәселе сан рет көтерілген. Бірақ еститін құлақ табылмаған. Ал естігендер құр уәдемен қалып отырған. Ұйғыр аудандық білім бөлімі тек биыл ғана бұл мәселені түбегейлі қолға алды. Дабыл қағып, елдің назарын аудартты.
    Мектеп қабырғасының сыр беруіне жаңбыр суының ешқайда кетпей, ғимарат астына сіңуінің де әсері бар. Шарындағы жер асты суының да жақын орналасуы онсыз да іргетасы сапасыз құйылған мектептің бір қабырғасының қақ айырылуына әкеп соғып отыр. 90 жылдардың басындағы аласапыранда қолданысқа берілген мектептің жайын қадағалап, құрылыс сапасына бас ауыртқан да ешкім болмаған-ау шамасы? Уақыт өткен сайын қабырғалары қарс айырылып бара жатқан білім ордасына дереу жөндеу жұмыстары керек.

    Бас ауырып, балтыр сыздаса, ауруханаға асығамыз. Ол – ақиқат. Бірақ бүгінгі күні ауылдық жерлердегі аурухана мен дәрігерлік амбулаториялардың жағдайы мәз емес. Шарындағы аурухана да дәл осындай. 1985 жылы салынған аурухана 2007 жылы күрделі жөндеуден өткен. Алғаш 50 төсекке арналған медициналық мекемеде бүгінде 15 сырқаттың жатып ем алуына ғана жағдай жасалған. Себеп – аурухананың жарты бөлігі жұмыс істемейді. Яғни, ғимараттың жартысы бүтін, жартысы «түтін». Кезінде мұнда перзентхана, балалар бөлімі жұмыс істеген. Бүгінде оның бірі де жоқ. Көрші Тасқарасу, Рахат ауылдарынан да Шарынға келіп ем алушылар саны көп. Ал аурухана ғимараты бүгінгі талапқа сай келмейді.
    2021 жылы бұл ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жоба-сметалық құжаттар жасалған. Қомақты қаржы керек екен. Қомақты деу жай сөз болар. Бақандай 2 млрд 437 миллион теңге қазынаның қаржысы болмаса, ғимарат жөнделмейді. Иә, өте көп қаржы. Бұл қаржы бөлінген күннің өзінде қаншалықты тиімді? Одан да жаңа аурухана салған дұрыс болар? Қалай болғанда да бұл мәселе өз шешімін табуы тиіс деп ойлаймыз

    Түйін: Ауылдағы ағайын жылдар бойы 18 шақырымдық Решит Манапов көшесін жөндете алмай келеді. Бұл жол бірден «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік автодәлізіне шығарады. Осы көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, тұрғындар жол азабынан құтылар еді. Қош делік. Шарында проблема көп. Облыс әкімі Марат Елеусізұлы Ұйғыр ауданына сапарында осы түйінді мәселелерді көзімен көріп, мүмкіндігінше шешуге уәдесін берді. Сол сеніммен шарындықтар келер жылы жағымды жаңалықтың болатынына сеніп, істерін ілгері бастыруға кірісіп кетті.

    Анар Дүйсенбайқызы,
    Ұйғыр ауданы

    Ұйғыр ауданы Шарын ауылындағы ескірген әлеуметтік нысандар

    1 of 16
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    8.

    9.

    10.

    11.

    12.

    13.

    14.

    15.

    16.

    Ұсынымдар

    Қонаевта республикадағы ең үлкен скейт алаң салынды

    Қонаевта республикадағы ең үлкен скейт алаң салынды

    2 years ago
    Қонаевта демалыс күндері бірнеше көше жабылады

    Қонаевта демалыс күндері бірнеше көше жабылады

    2 years ago
    Арулар бәсекесі

    Арулар бәсекесі

    2 months ago
    Ата дінімізде музыка харам ба?

    Ата дінімізде музыка харам ба?

    2 months ago
    ТАЛҒАР ҚАЛАЛЫҚ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    ТАЛҒАР ҚАЛАЛЫҚ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>