Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Заң үстемдігі – қоғам тұрақтылығының кепілі

Заң үстемдігі – қоғам тұрақтылығының кепілі

36 қаралым

Қоғамда тәртіп пен тұрақтылықтың сақталуы заң талаптарының орындалуына тікелей байланысты. Заң үстемдігі әр азаматтың құқығы қорғалып, міндетінің орындалуына негіз болады. Жаңа Конституция адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің басты құндылығы ретінде бекітеді.

Заңды сақтау тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі саналады. Азаматтар қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, өз әрекеттерінің айналасына тигізетін әсерін ескеруі қажет. Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары мен құқықтық білімді арттыру шаралары жүйелі жүргізілуі маңызды. Заңға құрмет қалыптасқан жерде қоғамдық келісім мен өзара сенім нығаяды.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑