Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ТАЗА АУЛА – ТАЗА ҚОҒАМНЫҢ КӨРІНІСІ

ТАЗА АУЛА – ТАЗА ҚОҒАМНЫҢ КӨРІНІСІ

29 қаралым

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған. Туған өлкенің көркеюі әрбір тұрғынның қоршаған ортаға деген жауапкершілігінен басталады. Осы мақсатта аулаларда, көшелерде және қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізудің маңызы зор. Тұрғындар қоқысты белгіленген орындарға тастап, тұрмыстық қалдықтарды ретсіз шашудан аулақ болуы қажет. Сонымен қатар, ортақ пайдаланылатын аумақтарды күтіп ұстау мәдениетін қалыптастыру да маңызды міндеттердің бірі. Тазалық шараларына жастарды тарту арқылы өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға болады. Әр азамат өз ауласының тазалығына үлес қосса, бүкіл елді мекеннің келбеті жақсара түседі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑