Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру

Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру

48 қаралым

Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру мақсатында Арна ықшамауданындағы №2 кітапхана филиалында «Мақал — сөздің мәйегі» атты мектеп оқушылары арасындағы мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылды. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, мақал-мәтелдерді жатқа білуге баулу, сөздік қорын молайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сайысқа қатысқан оқушылар үш топқа бөлініп, өзара бақ сынады. Сайыс барысында оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табу, берілген тақырыптарға сәйкес мақал-мәтел айту және олардың мағынасын түсіндіру сияқты қызықты тапсырмаларды орындады. Қатысушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, жылдам ойлау қабілеттерін және шешендік өнерлерін көрсетті. Әр топ ұйымшылдық танытып, тапсырмаларды белсенді орындауға тырысты. Сайыс соңында оқушылар мақал-мәтелдердің адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, халқымыздың даналық сөздерінің тәрбиелік мәнін түсінді. «Мақал — сөздің мәйегі» сайысы оқушылардың ұлттық мұраға деген құрметін арттырып, білімдерін толықтыруға және мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде орынды қолдануға ықпал етті. Шара қызықты әрі мазмұнды өтті.

Гүлнара МҰҚҰМЖАН,

Арна ықшамауданындағы

№2 кітапхана филиалының кітапханашысы

↑