Алматы облысында су тасқыны кезеңінде 42 гидропост орнатылды. Бұл жайында Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында Төтенше жағдайдың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматов пен “Қазселденқорғау” ММ филиалы ІААПТБ-ның ТЖААжҚҚП бөлімінің басшысы Қайсар Тұрсынжанов баяндады.
Халықты және аумақтарды қауіпті табиғат құбылыстарының теріс әсерінен қорғауды қамтамасыз ету үшін «Қазселденқорғау» ММ су тасқыны мен қар көшкіні қаупі бар аймақтардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізеді.
Даурен Азаматовтың айтуынша Алматы облысының аумағында көшкін қаупі бар 55 учаске бар.Атап айтсақ, Талғар ауданы-31,Еңбекшіқазақ ауданында 24 учаскі тіркелген.
Көшкін қаупі бар учаскелердің күнделікті мониторингі үшін өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап 3 желілік бағытта 6 адамнан бақылаушылар тобы құрылған.
Сондай-ақ көшкін қаупі бар учаскелерде 8 ескерту қалқаны орнатылып,су тасқыны жағдайын бағалау үшін 42 гидропост қойылды.
«2023-2024 жылдары қыс кезеңінің басынан бастап қызмет көрсетілетін аумақ бойынша қар көшкіні тіркелген жоқ. Бүгінгі таңда облыс бойынша гидрометеорологиялық жағдай тұрақты, көшкін қаупі бар учаскелер үнемі бақылауда»,-дейді Қайсар Тұрсынжанов.
Жүргізілген рейттік шаралар қортындысы бойынша анықталған су басуға бейім 6 ауданда 11 мың тұрғын үй тіркелген, онда тұратын халық саны 34 мыңнан асады. Су тасқыныының алдын алуға бағытталған шаралардың нәтижесінде қауіпті 27 учаскенің саны 7-ге азайды.
«Су тасқыны кезеңіне дайындық барысында 13,3 км арық жүйесі жөндеуден өтіп, 153 км су бұру арналары орнатыла отырып, механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді.Тұрғын үйлерді еріген қар суының басуына жол бермеу үшін елді мекендерден 0,150 мың м3 астам қар шығарылды. Алдағы 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында биыл мамыр айында су тасқынына қарсы инженерлік жұмыстар жоспары бекітілді»,-деді азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматов.