-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 4 мектеп құрылысы аяқталды

    16.01.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Алматы облысында 4 мектеп құрылысы аяқталды
    0
    SHARES
    26
    VIEWS

    2023-2024 оқу жылында Алматы облысының жалпы білім беретін 429 мектебінде 342 499 оқушы білім алады (2022-2023 оқу жылымен салыстырғанда оқушы саны 12 104 балаға артты).
    Жыл сайын 1 сыныпқа 35-37 мың бала қабылданады.
    Білім саласындағы өзекті мәселеленің бірі үш ауысымды мектептер. Облыс әкімдігімен үшауысымды оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында қадамдық жоспар жасалған.
    2023 жылы үш ауысымда оқытуды және оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында 11 700 орындық 11 мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді (Қарасай ауданы Алмалыбақ, Іргелі, Шамалған орта мектептеріне қосымша 600 орындық жапсаржайлар, Қаскелең қаласында 1500 орындық, Жармұханбет ауылында 600 орындық, Қонаев қаласында 900 орындық, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылына 1500 орындық, Іле ауданы Көкқайнар, Боралдай, Междуреченск ауылына 1500 орындық, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында 1500 орындық).
    Бұдан басқа, үш ауысымда оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен 2023-2024 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 54 600 орындық 53 мектептер құрылысын салу жоспарланып, бекітілді, оның ішінде, 2024 жылы 24900 орындық 26 мектеп, 2025 жылы 29700 орындық 27 мектеп салынады.
    2023 жылы 26 мектептің құрылысы басталды.
    Ары қарай «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен жоспарланып, бекітілген мектеп құрылыстары жалғасатын болады.
    Сонымен қатар, инвесторлар тарту арқылы өткен жылдан бері 8150 орындық 9 мектеп құрылысы жүргізілген болатын. Қазіргі уақытта 1350 орындық 4 мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
    Атап айтқанда, Іле ауданы Түймебаев ауылында 400 орындық «Montesoree» академиясы, Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында «Курсант» ЖШС-мен 300 орындық орта мектебі, Қаскелең қаласында 350 орындық Қазақ-Британ мектебі, Жамбыл ауылында 300 орындық «Нұрдәулет мектебі» ашылып, жұмыс жасауда.
    2024 жылдың 8 қаңтарында Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Ақжол» саяжайында «Менің мектебім» ЖШС-гі 1500 орындық жекеменшік мектеп құрылысын аяқтап, пайдалануға берді. Мектеп оқушыларын қабылдау тегін, жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесі шеңберінде жүзеге асырылады.
    Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Іле ауданы Жаңаталап ауылында 600 орындық, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында 900 орындық, Қарасай ауданы Үштерек ауылында 600 орындық мектеп қолданысқа берілді.
    Жоғарыда аталған жекеменшік мектептердің құрылысы 2023 жылдан өтпелі Қарасай ауданы «Өмірзақ» тұрғын үй кешенінде салынып жатқан 900 орындық (үшауысымды) және Еңбекшіқазақ ауданы Төле би ауылындағы 450 орындық (мектепке ыңғайландырылған ғимарат орнына) 2 мектептің құрылысы ағымдағы жылы аяқталатын болады. Осылайша үш ауысымда оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою көзделіп отыр.

    Ұсынымдар

    Есей Жеңісұлы: Комментаторлық – қызыл тіл ғана емес

    Есей Жеңісұлы: Комментаторлық – қызыл тіл ғана емес

    2 years ago
    Алғаш рет электрокардиостимулятор орнату отасы жасалды

    Алғаш рет электрокардиостимулятор орнату отасы жасалды

    2 years ago
    Премьер-министр: Әуежай айналасындағы жерлер ретсіз пайдаланылып отыр

    Премьер-министр: Әуежай айналасындағы жерлер ретсіз пайдаланылып отыр

    2 years ago
    «Жайлы мектептің» жайы қалай?

    «Жайлы мектептің» жайы қалай?

    2 months ago
    Облыста құны 43 млрд теңге жеміс-жидек зауыты жұмыс істейді

    Облыста құны 43 млрд теңге жеміс-жидек зауыты жұмыс істейді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>