Есірткі қылмысы — ұлт саулығына төнген қауіпті қатер. Әсіресе, синтетикалық есірткілердің жастар арасында таралуы алаңдатарлық жағдай. Бұл мәселемен тек полиция емес, бүкіл қоғам күресуі керек. Ата-аналар балаларының жүріс-тұрысына мұқият болып, мектептер мен колледждерде түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілуі тиіс. Есірткі таратушылар мен жарнамалаушыларға қарсы жаза қатаң, ал қоғамның бұл дертке деген көзқарасы қатал болуы шарт.
АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

