Бүгінгі бала — ертеңгі қоғам иесі, сондықтан жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу маңызды бағыт болып табылады. Буллинг, мектеп рекеті және ұсақ бұзақылықтарға төзбеушілік ортасын мектеп қабырғасынан бастап қалыптастыру қажет. Ата-аналар мен ұстаздар баланың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оның үйірмелер мен спортқа қатысуын бақылауда ұстауы тиіс. Құқықтық сауатсыздық жасөспірімдерді қылмысқа итермелемеуі үшін олармен үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
ҚҰРАЛБЕК СӘБИТОВ

