Перейти к содержимому
Главная страница » Алматыда тағы да жер қозғалды

Алматыда тағы да жер қозғалды

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмология институты» сейсмикалық станциялар желісінде 23 қаңтар күні Алматы уақытымен 15 сағат 07 мин 09 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.6., магнитудасы 4.9 құрайды.
Дүмпу жердің 5 км тереңдігінде болды.
Алматы қаласында жер қозғалысы 2 балл деңгейінде сезілді.