Жаңа Конституция елдің болашақ даму бағдарын айқындап, қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершілікті нығайтуға бағытталған. Ата Заңда белгіленген қағидаттарды күнделікті өмірде сақтау – азаматтық мәдениеттің көрінісі. Әсіресе, жас ұрпақтың бойына заңға құрмет, отансүйгіштік және әділдік құндылықтарын сіңіру маңызды. Конституциялық талаптарды құрметтеу – тұрақты мемлекет пен қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізі.
Ерзат АСЫЛ

