Туған өлкенің көркеюі мен тазалығы тұрғындардың белсенділігіне және ортақ іске деген жауапкершілігіне байланысты. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы жұмыстар маңызды орын алады. Мұндай бастамалар тұрғындарды бір мақсатқа жұмылдырып, қоғамдағы өзара ынтымақтастықты нығайтады. Туған жерді таза ұстау – әрбір азаматтың перзенттік парызы.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

