☀️
9°C
Қонаев
Жұма, Қараша 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Zhas Project» облыс жастарына қолдау көрсетеді

    20.02.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы
    «Zhas Project» облыс жастарына қолдау көрсетеді
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Өңір жастарының өз кәсібін ашып, оны ілгерілетуі үшін Zhas Project жобасы іске қосылады. Бұл туралы Алматы облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Мақсат Кенешев пен Алматы облысының Азаматтық альянсы президенті Балжан Досалы баяндады.

    Жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешевтың сөзінше, облыста NEET санатындағы 32 мыңға жуық жас бар. Олардың басым бөлігі оқудан босағандар мен тұрақты жұмыс таба алмай жүрген жастар.
    Жас буынның әлеуметтік деңгейін көтеру мақсатында қазіргі таңда бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, сауда және базар орталықтарында жалдамалы жұмыс атқаратын жастарға арнап «TULGA BOL», жұмыссыз жастарға арналған «Zhas Project» жобасы іске асырылатын болады.

    «Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Zhas Project жобасы басталады. Жоба жастарды қолдауға және дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған», – деді брифингте Мақсат Кенешев.

    Аталған жобаға қатысуға 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген жеке тұлғалар өтініш бере алады. Идеясы тың деп танылған жоба иегеріне кемінде 4 ай жұмыс істеуге 1 млн теңгеге дейін грант табыс етіледі. Жобаға жауаптылардың сөзінше, шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау 25 наурыздан 24 сәуірге дейінгі аралықта жүргізіледі. Конкурсқа қатысу туралы өтініштер 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында іріктеліп, жоба жеңімпаздары 15 мамырда анықталады.
    Әлеуметтік жобаның негізгі мақсаты — жастар бастамаларын қолдаумен қатар, өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешу екенін спикерлер айрықша атап өтті. Сондай-ақ, жоба бойынша арнайы сайт әзірленген. Сайттан кез келген үміткер конкурс туралы ақпаратпен таныса алады. Бұдан бөлек, жобаға қатысуға өтініш беру бойынша толық нұсқаулық бар.

    «Бұл жобаға бірқатар талаптар қойылады. Қатысушылар міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Өтініш берген кезде Алматы облысында тұрақты тұру немесе уақытша тіркеуде болу қажет. Әлеуметтік жобаны тапсыру кезінде өтініш берушіге қойылатын шектеулер бар. Мысалы, бір ғимаратты немесе үй-жайды сатып алу, қаржы алу мақсатында ақылы қызметтер көрсетуге қатысты жобалар қолдау таппайды. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе сатып алу сияқты бағыттардағы жобаларға қолдау көрсетілмейді», — деп қорытындылады Балжан Досалы.

    Ұсынымдар

    Қонаевтың Құрметті азаматы дауыс берді

    Қонаевтың Құрметті азаматы дауыс берді

    3 years ago
    Тоғызқұмалақ тәлімгері

    Тоғызқұмалақ тәлімгері

    8 months ago
    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

    Студенттерге арналған жаңа жатақханалар салу жайы

    10 months ago
    Дәстүрім – дидарым

    Дәстүрім – дидарым

    1 month ago
    АҒАНЫҢ АЛДЫ – АҚЖАЙЛАУ

    АҒАНЫҢ АЛДЫ – АҚЖАЙЛАУ

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>