-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Мереке

    Асылдың сынығын аналар күнімен құттықтады

    08.03.2024
    in Мереке
    Асылдың сынығын аналар күнімен құттықтады
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Әйел бақыты қызметімен емес, отбасы бақытымен өлшенеді. Көктемдей құлпырған аналар бір отбасының ғана емес, тұтас елдің ұйытқысы. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Іле ауданына ат басын арнайы бұрып, Төрткен Кененқызын аналар мерекесімен құттықтап, гүл шоғын табыс етті.

    Төрткен Кененқызы ардагер ұстаз, әншi, Қазақстан Республикасы «Халық ағарту iсiнiң үздiгi», «Мәдениет қайраткерi» белгiсiнiң иегерi. Өткен ғасырда өмiр сүрген, есiмi елге белгiлi атақты жырау, әншi, композитор, Кенен Әзiрбаевтың қызы. Әке мұрасын сақтап, оның жолын қуған асылдың сынығы.

    Мерекелі кездесуде Төрткен апамыз қонақтарды ыстық ықыласпен қабыл алып, Кенен атамыздың жырларының тарихын кеңінен әңгімелеп берді. Емен-жарқын отырыста облыс әкімі Марат Елеусізұлы да жүрек жарды тілегін айтты. Ол:
    – Тарихымызда бір отбасының ғана емес, тұтас елге үлгі-өнеге көрсеткен ардақты аналарымыз жеткілікті. Сіздің де өскелең ұрпаққа көрсеткен өнегеңіз үшін және қазақ өнерінің асыл мұрасына айналған Кенен ата жырларын бәз қалпында жеткізгеніңіз үшін мың алғыс. Қазақта «Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы» деген мақал бар. Биік шынар ағаштай саяңызда үбірлі-шүбірлі болып үлкен отбасыңызбен ұзақ бақытты ғұмыр кешіңіз. Әр отбасыда ана бақытты болса, онда тұтас ел бақытты болады! Бүгінгі жылы сөздер де, құрмет те тек қана Сіздерге арналады. Жүзіңізден күлкі, жүректеріңізден махаббат, көңілдеріңізден шаттық пен қуаныш кетпесін! Мерекеңіз құтты болсын! – деді.
    Кездесуде Төрткен апа:
    – Әкемнiң шығармашылығын бала кезден бiлiп, жаттап өстiм. «Қарағым, өнер жолына барарсың, бармассың, бiрақ менiң дүниелерiме ие бол. Құлағыңа құйып ал, керектiсiн жазып ал» деп отырушы едi. Зеректеу болсам керек, үйреткендерiн қағып алатынмын. Әсiресе, әндерiн көп үйреттi. Өз аузынан 60-70 шақты әнiн үйрендiм. Домбыра тартуды да тез меңгердiм. Әке өсиетiне адал перзентпiн деп ойлаймын. Әкемнiң бұған дейiн жарияланбаған, ешбiр кiтапқа енбеген өлеңдерiн жинастырып «Аңыздар сыры» кiтабын шығардық. Мәдениет министрлiгi шығарған көп томдыққа құрастырушы болып өлеңдерiн, бiраз шығармаларын енгiздiм. Өз тарапымнан әкем туралы «Екi Кенен тумайды» атты естелiктер, мақалалар, ғылыми зерттеулер, өлеңдер жинағын көпшiлiкке ұсындым. Мұраларын көзiмнiң қарашығындай сақтап, қажет кезiнде сұраған адамдарға берiп отырамын», – деді.

    Айта кетейік, жақында ғана Алматы облысы Мәслихатының шешімімен Іле ауданындағы Покровка ауылы Кенен Әзірбаев ауылы болып өзгеріп, Төрткен Кененқызына Алматы облысының Құрметті азаматы атағын берген болатын. Осылайша, қазақ өнерін өрге сүйреген асылдың сынығы елдің қошеметіне бөленген болатын.
    Жылы кездесуден кейін құрметті қонақтар Төрткен Кененқызымен естелік суретке түсіп, ақ батасын алды.

    Бағдат Шойбас,
    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Соғыста жеңіс болмайды

    Соғыста жеңіс болмайды

    1 year ago
    Тәуелсіздік ерлері

    Тәуелсіздік ерлері

    3 days ago
    Қала, көше, тіршілік

    Қала, көше, тіршілік

    10 months ago
    Азаматтық құқықты қамтамасыз етеді

    Азаматтық құқықты қамтамасыз етеді

    3 months ago
    Азаттық шежіресінің алтын қатпары

    Азаттық шежіресінің алтын қатпары

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.