⛅
8°C
Қонаев
Жексенбі, Қараша 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    «Ауыл аманаты» бағдарламасына 1500-ге жуық өтініш түсті

    14.03.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы
    «Ауыл аманаты» бағдарламасына 1500-ге жуық өтініш түсті
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Алматы облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 720-дан астам адамға шағын несие берілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында “Қонаев” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің директоры Диас Шаяхметов баяндады.
    Елді мекендерде тұратын ағайын үшін жағымды жаңалыққа айналған бағдарламаның басты мақсаты – халықты тұрақты жұмыспен қамту мен ауыл тұрғындарының әлеуетін көтеру.
    Былтыр мамыр айынан бастап Алматы облысының кәсіпкерлерін “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша қаржыландыру басталды. Мәселен, былтыр мамыр мен биылғы жылдың ақпан аралығында “Қонаев” Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ-ға 10,6 млрд теңге сомасына 1450 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 045,6 млн теңге сомасына ауылдық кәсіпкерлік кооперативтерден 41 өтінім келіп түскен. Облыс аудандары арасында өтінімдер саны бойынша Еңбекшіқазақ, Кеген, Ұйғыр аудандарының кәсіпкерлері көш бастап тұр.

    «Жоба аясында ауылшаруашылығы, мал және құс шаруашылығына басымдық береміз. Сауда-саттық жүргізу үшін несие берілмейді. Бағдарлама арқылы несиелеуге қатысу үшін кепіл, бизнес жоспар және ауылдық жерде тұрғылықты тіркеуде болу керек», – деді Диас Шаяхметов.
    Спикердің айтуынша, қаржы кооперативтер мен мал шаруашылығына 84 айға дейін берілсе,айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін қарастылған.
    Қазіргі таңда “Қонаев “ӘКК” АҚ жеңілдікпен кредиттеуге түскен өтінімдердің ішінен жалпы сомасы 8 174,1 млн теңгеге 1129 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 720 қарыз алушыға жалпы сомасы 5,4 млрд теңге қарыз берілді.
    Сондай-ақ, брифингте Диас Шаяхметов несиенің ең жоғары несие сомасы 2,5 мың АЕК немесе 8,6 млн теңге екенін айтты.

    Ұсынымдар

    «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды

    «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды

    2 years ago
    МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

    МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

    7 months ago
    Орны бөлек онкүндік

    Орны бөлек онкүндік

    1 year ago
    Ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпкерлермен кездесу. Астана, 21 ақпан 2023 жыл.

    Елордада ауылшаруашылығының мәселелері мен даму келешегі талқыланды

    3 years ago
    Ана сүтінде 400 пайдалы қоректік зат бар

    Ана сүтінде 400 пайдалы қоректік зат бар

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>