⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тартысты сайыс

    19.03.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Тартысты сайыс
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қарасай ауданындағы Республикалық олимпиадалық даярлық базасында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен он салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыс 16-25 наурыз аралығында өтеді. Оған еліміздің барлық облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 1500-ден астам спортшы қатысуда.

    Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрайымов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қатысты. Нұрлан Әбдірахым қатысушыларды спорт жарысының ашылуымен құттықтады.
    – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорттағы жетістіктер еліміздің мерейін асқақтататынын айтқан болатын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері біздің спортшылар талай мәрте ірі халықаралық жарыстардың жүлдегерлері атанды. Қазақстанның туы әлемдік ареналарда жиі көтеріліп келеді. Бұл ретте ҚР чемпионаты сияқты жарыстар таланттарды анықтауда үлкен маңызға ие. Оның үстіне бұл жарыс өткен жылы пайдалануға берілген заманауи олимпиадалық дайындық базасында өтуде. Мұндай арнайы ғимараттың бой көтеруі елде спорттың дамуына ерекше назар аударылатынын көрсетеді. Жасалып жатқан бұл жағдай спортшылардың одан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді деп сенемін, – деді Нұрлан Ерғалиұлы.

    Расында да чемпионат теңдесі жоқ керемет кешенде өтуде. Мұнда спорттың 23 түрінен спортшылар мен жаттықтырушылардың тұрып, жаттығуына барлық мүмкіндік қарастырылған.
    – Жарысты бірінші болып еркін күрес балуандары бастайды. Содан кейін әйелдер өнер көрсетіп, грек-рим күресінің спортшылары сайысты аяқтайды. 2022 жылы Халықаралық күрес федерациясы ұқсас қосарланған жас санаттары бойынша чемпионаттар өткізу туралы шешім қабылдады. Жастар және ересектер санатындағы ең мықтылар Азия және әлем чемпионатында ел намысын қорғау үшін іріктеліп, ұлттық құрамаға енеді, – деп атап өтті ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов.

    Жарысты еркін күрес балуандары ашты. Спортшылардың ширақ қимылы, айқын лақтырулары қызықты жекпе-жекке ұласып, көрермендерді тәнті етті.
    – Еркін күреске 5 жылдан бері қатысып келемін. Бұл спорт түріне денсаулықты жақсартып, пайдалы іспен айналысу үшін келдім. Мен үшін спорт – өмірімнің мәні. Алғашқы нәтижелерден-ақ, өзімнің шеберлігімді одан әрі жетілдіргім келді. Бүгінгі таңда 82 келі салмақ дәрежесіндегі бірнеше халықаралық турнирдің чемпионымын. Алдымен ересектер санатында Қазақстан ұлттық құрамасынан орын алғым келеді, содан кейін әлем чемпионаттары мен олимпиада ойындарына қатысып, жеңіске жетсем деймін. Бұл алдағы үлкен жоспарлардың бірі, – деп арманымен бөлісті сайысқа қатысушы Шаймұран Бедел.
    23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты 25 наурызға дейін жалғасады.

    Алма Есенбай,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АЛҒАШҚЫ НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

    АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АЛҒАШҚЫ НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

    8 months ago
    Мемлекет басшысы Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдады

    Мемлекет басшысы Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдады

    1 month ago
    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    3 years ago
    Жетісу облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

    Жетісу облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

    6 months ago
    Құрыш білектің құдыреті

    Құрыш білектің құдыреті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>