-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жаңару күні ағаш отырғызылды

    19.03.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Экология
    Жаңару күні ағаш отырғызылды
    0
    SHARES
    44
    VIEWS

    19 наурыз Наурыз мерекесін атап өту жөнінде белгіленген онкүндік бағдарлама бойынша – Жаңару күні. Бұл күн барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады.

    Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, бұл күні Қонаевта жалпықалалық сенбілік өтті. Бұқаралық шақыртуға қаладағы ұжымдар мен мекемелер, мемлекеттік қызмет салаларының өкілдері, жалпы жұртшылық үн қосып, жоспарланып берілген аумақтардың қоқысын тазартып, көгалдандыру ісіне өз үлестерін қосты. Аулалар мен көше бойына жалпы саны 1300 түп тал егілді, ағаштардың діңі әктеліп, мекемелердің аумағы, көше мен жолдар қоқыстан тазартылды.

    Осы орайда Орталық саябаққа өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев пен қала әкімі Нұрлан Құматаев көшет отырғызып, игі іске бастамашы болды. Шарадан кейін микрофон ұсынғанымызда облыс әкімі:
    – Қаланы абаттандыруға, жасылдандыруға үлкен көңіл бөліп жүрміз. 22 наурыздың қарсаңында он күндік бағдарлама жарияланған болатын. Бүгін Жаңару күні. Жаңару күнін біз осылай ағаш отырғызумен, сенбілік өткізумен атап өткенді жөн көрдік. Өңір бойынша 10 мыңға жуық көшет отырғызылады. Бүгін бүкіл қаланың тұрғындары, ұжымдар, мекемелер шығып қатысуда. Ол тек қана ағаш отырғызу емес, жалпы қала тазалығы. Қыс мезгілінен шыққаннан кейін қаламыз таза болып тұру керек, – деді.

    Жаңару күнінде қалаға 1 мың түп ағаш әкелінді. Оның ішінде арша, терек, шаған сияқты ағаш тұқымдары бар. Бұл ағаштар әуелі Қонаев қаласының аумағында арнайы өсірілген. Өңірдің құмды-шөлейтті климатына бейімделуі керек болған. Өйткені іргеміздегі Алматы маңайында топырақ қарашірікке бай болғандықтан, бірден тамырланып кетеді. Ал Қонаевтың табиғаты қаталдау, құрғақ климат болғандықтан, әкеліп отырғызған ағаштарымыз қурап-семіп, жерсіне алмай қалған болатын. Бұл күні облыс орталығының бес ықшамауданында, саяжайлық ықшамаудандарда да бөлініп берілген ағаштар отырғызылды.

    Бейбіт Мекеев

    Ұсынымдар

    Қазақтың келіндері-ай!

    Қазақтың келіндері-ай!

    5 months ago
    Қор міндеттерінің бірі – науқастармен кері байланысты бақылау

    Қор міндеттерінің бірі – науқастармен кері байланысты бақылау

    10 months ago
    Экологиялық мәселе  қаралды

    Экологиялық мәселе қаралды

    2 months ago
    Ынтымаққа бастайды

    Ынтымаққа бастайды

    8 months ago
    Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылғы аудиторлық қызметінің негізгі қорытындылары

    Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылғы аудиторлық қызметінің негізгі қорытындылары

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.