-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта мәслихат депутатын сайлау өтіп жатыр

    31.03.2024
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Сайлау
    Қонаевта мәслихат депутатын сайлау өтіп жатыр
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    “Сайлау – қала тағдырын шешетін мүмкіндік” – Қонаев тұрғыны

    Бүгін Қонаевта қалалық мәслихаттың босап қалған депутатының орнына сайлау өтіп жатыр. Жалпы сайлаушылар саны – 2650.

    №951 сайлау учаскесінің төрайымы Айгүл Ақтанованың сөзінше, мұнда әзірге ешқандай заңбұзушылықтар болған жоқ. Ең бірінші болып дауыс бергендерге сый-сияпаттар табыс етілді. Ал алғаш рет сайлауға қатысатындардың саны – 14. Солардың бірі – Арманжан Орынтай.

    “Жақында ғана 18-ге толып, бүгін сайлауға бірінші рет қатыстым. Әр саяси науқан – елдің ертеңін шешеді. Сондықтан халық мұндай шаралардан қалмауы тиіс деп санаймын. Бүгін сайланған депутат жұрттың мәселесін шешуде көп еңбек сіңіреді деп сенемін”, – деді ол.

    Сондай-ақ қала тұрғыны Сәуле Сарсабекова да өз пікірін білдірді.
    “Осы уақытқа дейін Президент сайлауына да, мәслихат пен мәжіліс депутаттарын сайлауға да қатыстым. Ел таңдау жасаған жерде болашақтағы мақсат-мүдделер айқындалып, келешекке сенімділік артады. Өзім ғана емес, отбасыма да сайлаудың мән-маңызын түсіндіріп отырамын. Жұмылған жұдырықтай әрекет етсек қана талай түйін тарқатылады. Бүгін сайланған депутат өз ісіне берік азамат болады деп үміттенемін”, – деді тұрғын.

    Айта кетейік, депутаттыққа үміткер ретінде 3 азамат тіркелген. Олар:

    1. Нуркадыров Серик Нуркадырович – 1975 жылы туған, Алматы облысы мәслихатының аппарат басшысы. Қонаев қаласының тұрғыны, ұлты – қазақ, «АMANAT» партиясы ұсынды.
    2. Чимчиков Быржан Курманжанович – 1967 жылы туған, «Қапшағай АТО» ЖШС директоры, ұлты – қазақ, кандидат өзін-өзі ұсынды.
    3. Каплюков Игорь Николаевич – 1966 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтушы, Қонаев қаласының тұрғыны, ұлты – орыс, өзін-өзі ұсынды.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында ауқымды логистикалық парк құрылады

    Алматы облысында ауқымды логистикалық парк құрылады

    1 year ago
    Ауыл дәмі – қала төрінде!

    Ауыл дәмі – қала төрінде!

    3 months ago
    Қарқара тарихына үңілді

    Қарқара тарихына үңілді

    12 months ago
    Теңге ілуден жарысты

    Теңге ілуден жарысты

    1 year ago
    «Алтын Орда» базарында заң бұзушылықтар анықталды

    «Алтын Орда» базарында заң бұзушылықтар анықталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.