Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында этносаралық қатынастарды дамыту мәселесі бойынша этномәдени бірлестіктермен кездесу өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясы алдындағы кеңес отырысын ашып жүргізген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ел бірлігі мен татулығын нығайтуға қызмет етіп келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөлінің жоғары екенін жеткізді.
Алматы облысы – этнос өкілдері тығыз қоныстанған өңірдің бірі. Бүгінде аймақта 105 этнос өкілі тату тіршілік кешіп, азаматтар түрлі салада табанды еңбек етуде. Тұрақтылық пен этносаралық келісімнің нәтижесінде ел экономикасы дамып, әлеуметтік жағдайы жылдан-жылға артып келеді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Марат Елеусізұлы жиында өңіріміздегі этносаралық қатынастардың тұрақтылығына қарамастан, айтарлықтай жұмысты қажет ететін бірқатар мәселенің талқыланатынын жеткізді.
Алғашқы сөзді алған облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсел Жалғасбаева өңіріміздегі эстносаралық қатынас туралы баяндама жасады. Бүгінгі таңда өңірімізде барлығы 38 этномәдени бірлестік жұмыс атқарады. Оның 26-сы ресми тіркеуден өткен және толыққанды этномәдени бірлестік ретінде қызмет көрсетуде. Әсел Мұратқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтағы құры лымдары облыс тұрғындарының бірлігін, ынтымағын сақтауға белсенді атсалысып келе жатқанын тілге тиек етіп, этносаралық келісімді нығайтып, қазақстандық патриотизмді дәріптеу мақсатында жыл басынан 100-ден аса шара өткізілгенін сөзіне қосты. Сондай-ақ, осы жылы 19 наурыз күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымның қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік кеңесі өткендігін тілге тиек етті. Баяндамашы өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кіретін ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі мен медиация саласының атқарған жұмысына тоқталып, олар ұйымдастырған маңызды жобалар ды тарқатып өтті. Әсел Мұратқызы өткен жылы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өңірдегі этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған жобаны жүзеге асыру қолға алынғанын айтты. Ол:
– Аталмыш жоба аясында облыс аумағында толеранттылықты нығайтуға және ксенофобиялық, сепаратистік ойды жоюға бағытталған 29 дәріс өткізілді. Сонымен қатар этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған 2 бейнеүзінді түсіріліп, ауылдық округ әкімдері мен учаскелік полиция инспекторларына арналған оқыту курстары ұйымдастырылды, – деп атқарылған жұмыс ретін жеткізді. 2023 жылдың басынан бастап жергілікті жердегі этномәдени бірлестіктермен жұмысты күшейту мақсатында «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық филиалдары ашылған. Саладағы тағы бір маңызды жаңалықты тарқатқан Әсел Мұрат қызы этносаралық қатынастарды реттеу, ақпараттық түсіндіру және идеологиялық жұмыстарды дамытып, жаңа деңгейге көтеру мақсатында «Қоғамдық келісім» мен «Қоғамдық даму» мекемесі біріктіріліп, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» деп аталғанын айтып өтті.
Баяндама соңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты әр тоқсан сайын елдегі этносаралық жағдай туралы әлеуметтік зерттеулер жүргізіп тұра тыны жеткізілді. Жалпы алғанда, облыстағы этносаралық жағдай тұрақты. Жиын барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке сөз алып, дін саласындағы этносаралық қатынастарды нығайту барысындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ этносаралық татулық жайында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов баяндама жасады.
Жиынды қорытындылаған Марат Сұлтанғазиев кеңесте көтеріл ген бірқатар мәселеге қатысты облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық «Қоғамдық келісім және даму орталығына», аудандар мен Қонаев қаласы әкімдіктеріне тапсырма берді. Облыс әкімі салаға жауапты мамандарға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін тарта отырып, этносаралық шиеленістің алдын алу жұмыстарын жүргізуді, тіркелмеген этномәдени бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу бойынша шаралар қабылдап, аккредитациялауды жүктеді. Бұдан өзге, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылым дарына Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы барысында айтылған негізгі тезистер мен идеологемалар бойынша этномәдени бірлестіктер үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынды. Басқосуда диаспоралар арасында этномәдени орталық жетекшілерімен бірлесе жұмыстар атқару қажеттілігі де айтылды.
Құралбек Сәбитов,
Қонаев қаласы