Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қонаевта ең алғаш болып өрт сөндіруші дауыс берді

Қонаевта ең алғаш болып өрт сөндіруші дауыс берді

12 қаралым

Қонаев қаласындағы №2 және №4 ықшамаудан және Жамбыл көшесі тұрғындарының дауыс беруіне мүмкіндік беретін №949 сайлау учаскесінің жұмысы дәл уақытында басталды. Аталмыш сайлау учаскесі 1733 тұрғынның өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді. Тұрғындарға арналған жалпы бюллетень саны 8750 болса, дауыс беру үшін мүмкіндігі шектеулі 6 адам тіркелген.

Ел ертеңіне еренкше көзқарас танытқан Сұлтан Серікбай сайлау учаскесіне алғаш келген дауыс беруші. Ол Қонаев қаласындағы №1өртсөндіру бөлімінің кіші сержанты. Бұған дейінгі сайлаулардан да қалып көрмеген. №949 сайлау учаскесі оған арнайы сыйлық табыстады. Атап өтерлігі сайлау учаскесі ашыла салысымен 4 тұрғын бірінен соң бірі дауыс беріп үлгерді. Қазіргі уақытта да өз таңдауын жасауға асыққан жұрттың қарасы қалың.

Айта кетейік, бүгін Алматы облысы бойынша 629 сайлау учаскесі қызмет етеді.

Құралбек Сәбитов