Алматы мен Ақтөбе облыстарында бөгеттер салған мердігерлердің үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр деп хабарлады “Власть” сайты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржылық бақылау агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов Ақсай өзені бассейнінде селден қорғайтын бөгет салған компания 775 миллион теңге қаржы жымқырды деген күдікке ілінгенін айтты.
Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов “Ақсай” бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің бөгетті салуға қатысты міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір құқық бұзушылық болғанын (Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр), осыған байланысты “Қазселденқорғау” басшылығының алдына тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе қойылғанын хабарлады.
Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғаған және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Ал Ақтөбе облысында Мағаджан бөгетіне жауапты компания басшысы оны талапқа сай күтіп ұстамады деген күдікке ілінген. Әбділов 5 сәуірде бөгет жарылып, Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Бесқопа, Қызылту мен Табантал ауылдарынан 215 адам эвакуацияланған.
Сонымен қатар Ұлытау облысында Жезді өзенін тазалау жұмыстары атқарылмағанына қатысты да тергеу басталған. Өзеннің тазаланбауынан су тасыған деген қорытынды жасалған. Құзырлы орган дерегінше, өзенді тазалап, оған жақын елдімекендерді тасқыннан қорғау үшін барлығы 485,5 млн теңіге бөлінсе, оның құны 282,5 млн теңге болатын жұмысы атқарылмаған. Өзен тасуы салдарынан өңірде 26 үйді су басып, 174 адам эвакуацияланған.