⛅
3°C
Қонаев
Сейсенбі, Ақпан 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үміттерін үкілей жетті

    19.03.2023
    in Барлық жаңалықтар, Сайлау-2023
    Үміттерін үкілей жетті
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Ақ сәлделі Алатаудың арайлы таңы атысымен сайлау учаскесіне аяңдаған Панфилов ауылының ақсамайлы тұрғыны Шайркүл Оскулиева және Айбек Мұқалиев ең алғашқы боп дауыс берді. Себебі, бүгін ел ертеңіне қызмет ететін депутаттардың сайланатын күні. Сондықтан дұрыс таңдау жасап, дауыс беру әрбір қазақстандық үшін аса маңызды. Осыны айқын сезінген сайлаушылардың күн көтеріле сайлау учаскесіне қарай бет алысы жиілеп келеді.

    Аталған округтің Қарабұлақ ауылында тұратын қоғам белсенділері Галина Арзамасова, Виктор Герасименко, Қайнар Әміреевтер де ең алғашқы дауыс берушілер қатарынан көрінді.

    – Депутат болуға үміткерлердің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартып, Жаңа Қазақстанның дамуына қарлығаштың қанатымен су сепкендей пайдасын тигізу ғой. Оның үстіне биылғы сайлаудың өзіндік ерекшелігі де жоқ емес. Ашық әрі әділ сайлау өтетіндігіне мол сеніммен кеп, өз кандидаттарымызға біркісідей дауыс бердік. Бұл – менің Қазақстан азаматы ретіндегі парызым, – дейді аталған ауыл тұрғындары.

    Ауылдық округтегі №876, 877 сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй орнаған. Жинақылық пен тазалық, тәртіп салтанат құрып, сайлаушыларға айрықша құрмет көрсетілгендігін аңғару қиын емес. Сонымен қатар, сайлау учаскесінің есігіне ең бірінші боп енген сайлаушыларға сый-сияпат ұйымдастырылуы көңілді көктем еткендей.

    Ұлбосын ИСАБЕК
    Талғар ауданы

    Tags: сайлау

    Ұсынымдар

    Қазақстандағы алғашқы ұшқыр бәйге жарысы Алматы облысында өтті

    Қазақстандағы алғашқы ұшқыр бәйге жарысы Алматы облысында өтті

    3 years ago
    Тоқаев: Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады

    Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары – Президент Жолдауының толық мәтіні

    2 years ago
    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    Алматы облысы маңызды инвестициялық алаңға айналады

    1 year ago
    Өмір беріп өзгеге

    Өмір беріп өзгеге

    4 months ago
    Жүз жыл бұрын соғылған қоңырау

    Жүз жыл бұрын соғылған қоңырау

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>