-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шекарашылар үшсайысы

    19.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Өңір тынысы, Спорт
    Шекарашылар үшсайысы
    0
    SHARES
    35
    VIEWS

    Шекараның шебінде елдің тыныштығын күзетіп, әрбір іс-қимылды қалт жібермей, қырағылық пен қайраттылықты қатар алып жүрген шекарашылардың еңбегі ерен-ақ. Ел басына күн туса, ел шебін жауға таптатпауға да күш салатын осы сарбаздар. Қарапайым халық біле бермесе де, олардың әр күні түрлі оқиғаларға толы. Сан түрлі жаттығу, әралуан сайыс әскер қатарындағы азаматтардың күнделікті дағдысына айналған. Солардың бірі – Шонжы өңірінде орналасқан Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының орынбасары – шекара қызметі директорының кубогы үшін шекаралық үшсайыстан республикалық турнирдің өтуі.

    Бұл сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 18 команда қатысты. Сайдың тасындай іріктелген команда мүшелерінің әрқайсысы – «сен тұр мен атайын» дейтіндей азаматтар. Еліміздің батысы мен солтүстігінен, шығысы мен оңтүстігінен жиналған сарбаздар қатысқан чемпионаттың ашылу салтанаты Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында өтті. Салтанатты шарада ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, полковник Денис Федорченко, Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, полковник Аслан Бектасов сөз сөйледі. Полковник Денис Федорченко аталмыш сайыстың маңыздылығына тоқталып, мұндай сұрмергендік пен физикалық дайындықты дәлелдейтін сайыстар сарбаздарымыз үшін өте қажет екенін әрі бұл дәстүрге айналуы қажеттігін айтты. Ал полковник Аслан Бектасов өзі басқарып отырған шекара басқармасына алыстан ат арылтып келген жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, қайтпас қайсарлық пен жігерлілік әр сарбаздың басты қаруы болуы қажет екенін айтып өтті. Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Қадыржан Бағбаев та жарысқа қатысушыларды құттықтап, осындай ұландары бар мемлекетіміздің шекарасын жау баспайтынына сенімін білдірді. Дүбірлі додаға арналған рәсім Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы және командалардың салтанатты шеруіне, сарбаздардың концертіне ұласты. Бұл күні жарысқа қатысушылар жеребе тастап, өздерінің қай нөмірмен сайысқа түсетіндерін анықтап, жан-жақтан келген командалар Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының тыныс-тіршілігімен танысты.

    Сұрыпталған кіл мықты екі күн бойы қарудан нысана көздеу, алысқа граната лақтыру және үш шақырымға жүгіруден жарысты. Команда жетекшісінен бөлек, 5 адамнан құралған топ мүшелері барын салды. Нысана көздеу мен граната лақтыру сайысы өткен күні ауа райының қолайсыздығы оқтың нысанаға дөп тиюіне көп кедергі келтірді. Десе де, мерген жігіттер дес бермей, бабында екенін дәлелдеп бақты. Қандай жағдайда, қандай ауа райында болса да қайтпайтындықтарын көрсетті. Қарудан жерге жатып, тізерлеп отырған күйі және тұрып ату жарысы кезінде нағыз мергендер анықталды. Мұнан соң граната лақтыру сайысы жалауын желбіретті. 600 грамдық оқу гранатасын 40 метрге дәл лақтырып, тағы да командалар өзара бақ сынасты. Бір жауынгерге 15 рет лақтыру міндеттелген. Белгіленген шеңбердің дәл ортасына жеткізіп, өздерінің шеберлігін көрсеткендер де, шеңберден тысқары жіберіп, қапы қалғандар да болды. Әрине, «жүйріктен жүйрік озар жарысқанда». Сондықтан өңшең мірдің оғындай мінсіз жігіттер бір-бірінен асып түсіп жатты.

    Сайыстың үшінші күнінде желмен жарысқан желаяқтар үш шақырымға жүгірді. Қаруларын асынып, әскери киімдерін киіп, тиісті межеге жету оңай шаруа емес. Дегенмен мұндай жаттығуларда әбден шыңдалған жауынгерлер үшін бұл сайыс та қол болмады. Бірінші рет өтіп отырған жарыста әскерилер өздерін нағыз ел қорғаны екендіктерін дәлелдей алды. Жарыс болған соң, әрине, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Еліміздің әр түкпірінен келген 18 команданың ішінде үш команда жүлделі орынға ие болды. Марапаттау рәсімі жарыстың үшінші күні Ұйғыр аудандық Мәдениет үйінде өтті.

    Жарысқа қатысушыларға лебіздерін білдіріп, жеңімпаздарды құттықтау үшін әуелі сахнаға ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Әлібек Каюпов көтерілді. 18 команда бақ сынаған сайыстағы азаматтардың жарыста көрсеткен табандылықтары мен жеңіске деген құлшыныстарына ризашылығын білдірді. Ал Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы бастығы, полковник Аслан Бектасов пен бас төреші, подполковник Дмитрий Панасюк та жарысқа өздерінің оң бағаларын берді.
    Ең әуелі, «Шекаралық үшсайыс біріншілігі турнирінің ұйымдастырылуына ықпалын тигізген Ұйғыр ауданы әкімнің орынбасары Қадыржан Бағбаевқа, аудандық Мәдениет үйінің директоры Салтанат Ермұхаметоваға, аудандық білім бөлімінің басшысы Мөлдір Құрманалиеваға, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Еділ Қайратқа, Райымбек шекара басқармасының әскери қызметкері Гузеля Бакриеваға Алғыс хаттар табысталды.
    Жеңімпаздарды марапаттау үшін ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының кубогына арналған «Шекаралық үшсайыс» біріншілігінің төрешісі және ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Әлібек Каюпов сахнаға көтерілді.
    «Шекаралық үшсайыс» нәтижесінде оқ бойы озық шыққан ҰҚК Шекара қызметі арнаулы мақсаттағы басқармасының командасы бірінші орынды қанжығаларына байлады. Прапорщик Саян Нұрышев бастап келген аға лейтенант Айбек Әмірханов, старшина Владимир Крухмолев, аға сержант Данияр Шаяхметов, лейтенант Алмат Жақсылықов, сержант Ерназар Абылғазиновтерден құралған команда нағыз жауынгерлік әдіс-тәсілдерімен, біліктіліктерімен ерекшеленді. Абай облысы бойынша департамент жауынгерлері екінші орынға табан тіреп, жеңіске бір қадам жақындады. Ал киелі Түркістаннан келген команда үшінші орынға тұрақтады. Жарыста нысана көздеуде өзінің көзсіз мергендігін көрсеткен Абай облысы бойынша департамент намысын қорғаған аға сержант Бауыржан Дәулетбаев «Үздік мерген», Павлодар облысы бойынша департамент ефрейторы Медет Сеитов «Үздік желаяқ», Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының лейтенанты Есет Құттымұрат «Үздік граната лақтырушы» номинацияларына ие болды. Барлық жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

    Сын сағатта сыр бермейтін, түн көз ілмейтін, дамыл таппай, ел қорғайтын ерлердің сайысы осылайша мәресіне жетті. Шын жүйрік анықталды. Сарбаздар бір-бірінің жеңісіне тәуелсіз елдің нағыз ұландарындай қуанды. Жеңіс тұғырына көтерілген әріптестеріне көрсетілген қошемет осыны аңғартты. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер». Иә, жиыннан соң да жеңімпаздармен басқа командалар суретке түсіп, бір-бірін құттықтап жатты. Бастысы, жауынгерлер арасындағы достық пен бірліктің туы желбірегеніне қуандық. Лайым солай болғай!

    Анар Дүйсенбайқызы,
    Ұйғыр ауданы

    Шекарашылар үшсайысы

    1 of 16
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    8.

    9.

    10.

    11.

    12.

    13.

    14.

    15.

    16.

    Ұсынымдар

    Тұрғындар экология мен денсаулыққа залалы бар зауыттарды жабуды талап етті

    Тұрғындар экология мен денсаулыққа залалы бар зауыттарды жабуды талап етті

    2 years ago
    Сарбаздар сайысы

    Сарбаздар сайысы

    1 month ago
    Алаш арысының асыл мұрасы

    Алаш арысының асыл мұрасы

    5 months ago
    Өңір әлеуеті зор: Облыс әкімінің Қарасай ауданына сапары қалай өтті?

    Өңір әлеуеті зор: Облыс әкімінің Қарасай ауданына сапары қалай өтті?

    1 year ago
    Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

    Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>