-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қайта жаңғырған бастама

    19.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Тарих, Экология
    Қайта жаңғырған бастама
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында «Киелі мекен» апталығы жүріп жатыр. Ондағы мақсат – өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен табиғатты қорғау және қоғам мен жас ұрпақтың бойында киелі мекендерге деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін нығайтып, мәдениетті ұлт болуға үндеу.

    Талғар ауданындағы бүкіл қазақ үшін аса қастерлі де киелі мекен – Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі. Музей меңгерушісі Мейіржан Мұсабаевтың айтуынша, бұл маңайда халқымыздың азаттығы, еліміздің тәуелсіздігі үшін күрес жолында саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз қаза тапқан 4219 арыстың сүйегі жатыр. Оның пайымдауынша, бұл ауыл – түгелімен репрессия құрбандары атылып, көмілген жер болып есептеледі. Сондықтан әлі күнге ауылдың айналасынан сүйектер табылып жатады. Тек өткен жылы ғана ел тарихында бірінші рет репрессия құрбандарын анықтауға бағытталған арнайы археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, 50 адамның сүйегіне ДНК сараптамасы жасалыпты.
    – Адамның ең басты байлығы – денсаулығы. Денсаулық жақсы болу үшін адам таза ортада өмір сүруі керек. Бүгін музей ұжымы, ауыл халқы, жастар ел басшылығының бастамаларын қолдап, осы киелі мекенді тазарту, абаттандыру жұмыстарына қатысып жатыр. Бұл – өте құптарлық іс, бір жағынан қоршаған ортаны қорғау болса, екінші жағынан ел азаттығы жолында құрбан болған аталарымыздың рухына тағзым. Осыны көріп, санасына сіңіріп өскен ұрпақ жаман болмайды, – дейді Мейіржан Мұсабаев.

    Қайнар ауылдық округінде жалпы 26 мыңдай тұрғын болса, соның 4,5 мыңы осы Жаңалық ауылында тұрады. Музей бүкіл ауыл халқы үшін киелі орын саналады. Сондықтан бүгін ауыл тұрғындары, әкімшілік қызметкерлері, белсенді азаматтар музей аумағын тазалау жұмыстарына белсене кірісті.
    – «Киелі мекен» шарасын осы ауылдан бастап, ең алдымен Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізуді жөн көрдік. Себебі бұл жер ауыл, аудан халқы ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті шет елдерден де ғалымдар, туристер, жиһанкездер келетін киелі де тарихи орынға айналып келеді. Жұрт оның жағдайына, тазалығына, абаттандырылуына қарап, халқымыздың мәдениетіне, ұлттық болмысына баға береді.
    Ескі Талхиз қалашығы да осындай орындардың бірегейі. Онда сонау ҮІІ ғасырдағы қазақ мемлекеттілігінің тарихынан сыр шертетін бағалы жәдігерлер табылған. Жалпы, аудан аумағында 25 тарихи ескерткіш бар. Апталық аясында мәдениет саласының қызметкерлері, ауылдардағы ақсақалдар және аналар кеңесі, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белсенді азаматтар жиналып, осы орындарға тазалау, көркейту және абаттандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл тарихты тану, мәдениетті дамыту, жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу тұрғысынан өте маңызды, – деді іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы ретінде басы-қасында жүрген Талғар аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева.

    Расында, ата-бабаларымыз бағзыдан тазалық – денсаулық кепілі деген. Бірақ бір адамның не бір орынның таза болғанынан бүкіл қоғам, бізді қоршаған орта түгел таза болып кетпейді. Экологияның тазалығы – жалпыадамзаттық мақсат болып, оған әркім өз үлесін қосуы міндет! Айналамыз таза, ниетіміз түзу, жүрегіміз ақ, ісіміз адал болса – деніміз де сау, көңіл-күйіміз де жоғары, еңбегіміз де еселі болып, ортақ игілік үшін орасан пайда келтірері сөзсіз. Осы тұрғыда, бір ғасыр бұрын басталған ұлы бастама қайта жаңғырып жатқаны қуантады!

    Құтмағамбет Қонысбай,
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    марат

    Облыс әкімі Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    1 year ago
    Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

    Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

    3 days ago
    Қарасай ауданында 700 шақырым жолға асфальт төселмеген

    Жол жөндеуге қатысты шенеуніктер жауапқа тартылды

    10 months ago
    Кегеннің келбетін ашты

    Кегеннің келбетін ашты

    11 months ago
    Казахстанские теннисисты победили сборную Пакистана в Кубке Дэвиса

    Казахстанские теннисисты победили сборную Пакистана в Кубке Дэвиса

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.