🌧️
3°C
Қонаев
Сейсенбі, Ақпан 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаевта 13 000 оқушы ағаш тұқымын егу рәсіміне қатысты

    26.04.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Экология
    Қонаевта 13 000 оқушы ағаш тұқымын егу рәсіміне қатысты
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Бүгін Қонаевта «Жасыл аймақ» акциясы аясында 14 мектептің 13 000 оқушысы бір мезетте ағаш дәнін егу рәсіміне қатысты.

    Орта мектеп-гимназияда өткен шарада облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова мен қала әкімі Асхат Бердіханов бой көрсетті.

    Шара барысында педагог-зерттеуші балаларға ботаника туралы түсіндіріп, ағаштарды күтіп баптау жайында айтып өтті. Ал оқушылар 5000-ға жуық қылқанжапырақты ағаштың дәнегін арнайы дайындалған ыдыстарға отырғызып шықты.

    «Бүгін облыста «Өз ағашыңды өсір» акциясы өтіп жатыр. Балалардың белсенді қатысып жатқаны қуантады. Оқушыларды, балақайларды табиғатты аяулап ұстауға үйрету қоғамда маңызды рөл атқарады. Себебі, қала көшелерінің, аулаларының таза болуын қамтамасыз ету, табиғаттың ластанбауы – барлығымыздың жауапкершілігіміз. Естеріңізде болса, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдімекендерде 15 млн ағаш егуді тапсырды. Бүгінгі акция тек тапсырманы орындау үшін ғана емес, қаламызды жасылдандыруға арналып отыр», – деді Асхат Бердіханов пікірін білдіріп.

    Жалпы, «Жасыл аймақ» апталығында Қонаевта 1500 түп жасыл желек отырғызу жоспарланған. Бұл жұмысқа кәсіпкерлер, әлеуметтік мекемелер, білім ошақтары белсенді қатысып жатыр.

    Қонаев қалалык әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Жол құрылысы неге баяу?

    Жол құрылысы неге баяу?

    3 years ago
    Дарынымен дараланған

    Дарынымен дараланған

    2 years ago
    Домбыраның үнін әлемге паш етті

    Домбыраның үнін әлемге паш етті

    3 years ago
    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    2 years ago
    Ұлыс тойы ұлықталды

    Ұлыс тойы ұлықталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>