-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жасыл желек – жанға сая

    26.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Жасыл желек – жанға сая
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облыс елді мекендерінде санитариялық-тазалық, көркейту және көгалдандыру шаралары өз жалғасын тауып келеді. Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!» деген тәмсіл бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр осы уақытқа дейін өз өміршеңдігін жойған емес. Осы мақсатта, Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік мекемесі «Жасыл аймақ» апталығы шеңберінде «Жалағаш» орман шаруашылығының «Жалағаш» базалық тұқым бағында шренка шыршасының көшеттерін отырғызды.

    Бұл акцияның аясында, Кеген ауылы, Жамал Ермегияев атындағы және Сәрсенбай Бейсембекұлы атындағы орта мектептеріне шырша ағашын отырғызу, Алматы облысының 300 мектептерінің ауласын көгалдандыру мақсатында 20 мың шренка шыршасының көшеттерін беру. Қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.

    Алматы облысының әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшет егу науқанына облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Чункунов Қуандық Сағатбайұлы, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметов, Жалағаш ауылдық округінің әкімі Айгүл Садырова, «Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Айболат Солтанғазиев, директор орынбасары Айдос Жәутікбаев, орман қорғау бас инженері Гүлнара Әубәкірова, Жалағаш ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Әріп Сыбанбаев, орман шаруашылығының қызметкерлері Дәурен Досайбековпен Ернат Еңсебаев бастаған еңбек ұжымдарымен ауыл тұрғындары, сондай-ақ ерікті жастар қатысты.

    Көшет отырғызу барысында аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев акцияға жиналған көпшілікпен әңгімелесіп, табиғатқа, жалпы экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтты.
    Ал Жалағаш ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Әріп Сыбанбаев экологиялық шараның ауданымыздың тыныс-тіршілігі үшін аса маңызды екенін атап өтіп, көпшілікке ақ батасын берді.
    – Бұл – жақсы қасиеттерді насихаттайтын, ынтымақ пен ауызбіршілікке шақыратын және мейірімділікке баулитын үлкен іс-шара. Менің жасым сексеннен асса да, ортақ мүддеміз үшін азаматтық белсенділік танытып, ағаш отырғызуға келдім. Мұндай бастамаларды қолдаған дұрыс деп ойлаймын, – деді Әріп Сыбанбаев ақсақал.

    Расында қоршаған ортаға қамқорлықпен қарап, жасыл желекті көбейту, тазалық мәдениетін қалыптастыру қашанда өзекті. «Бір тал ексең, еліңе орман салғаның» деген сөзді мәйек етіп, өңірді көркейтуге үлес қосып жүрген мамандардың бұл жолғы еңбегі шынымен көпке үлгі. Бастысы, айналаға көрік беріп, тыныс алып жүрген ауамызды тазар¬тып тұратын тіршілік көзінің жасыл желек болып жайқалғаны. Мұндай Табиғат анаға деген жанашырлық акциясы алдағы уақытта жалғасын табатынына сеніміміз мол. Өйткені, жасыл желектің көл-көсір пайдасын білген дана халқымыз «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!» деп ұрпағына ағаш отырғызудың маңыздылығын айтып кеткен. Табиғатты аялап, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борыштарының бірі екендігін ұғындырған. Біз осыны басты назарда ұстауымыз керек.

    Дәурен Әбутәліпов,
    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    «AMANAT» партиясының «Ұлы дала» дәстүрлі байқауы басталды

    «AMANAT» партиясының «Ұлы дала» дәстүрлі байқауы басталды

    10 months ago
    Жаңа жағажай тұрғындарды қуанышқа кенетті

    Жаңа жағажай тұрғындарды қуанышқа кенетті

    2 months ago
    3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті: «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа буын ұстаздары даярлануда

    3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті: «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа буын ұстаздары даярлануда

    2 weeks ago
    Шалғай ауылдардағы жастар белсенді

    Шалғай ауылдардағы жастар белсенді

    2 years ago
    Шеберлік сыныбы

    Шеберлік сыныбы

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>