Перейти к содержимому

Қонаевта кең ауқымды сенбілік өтті

Қонаев әкімі Асхат Бердіханов бүгін халықпен бірге сенбілікке шығып, Центральная көшесінің бойына ағаш егу рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда бүгін 1500 ағаш егілді.

«Жасыл аймақ» акциясына қатысқандар арасында этно-мәдени бірлестіктердің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, білім беру ұйымдары, аурухана қызметкерлері болды. Сондай-ақ халық ұйымдасып, бірлесіп, «Менің аулам — менің үйім» деген ұранмен аулаларды тазартып шықты. Сонымен қатар, әкімдік мамандары экология департаментімен бірлесіп, белгіленбеген орындардан 130 тонна күл-қоқысты арнайы полигондарға шығарды. Аталған жұмысқа 16 ауыр техника жұмылдырылды. Ал мердігер компания өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында әлеуметтік жауапкершілік танытып, Әуезов пен Вивальди көшесінің қиылысына 2000 шаршы метр құм-тас төседі.

Кең ауқымда өткен сенбілікке барлығы 8000-ға жуық адам қатысты

Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі