-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    “Таза Қазақстанға” жеке компаниялар да атсалысуда

    29.04.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жоғары технология, Инфрақұрылым, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы, Энергетика
    “Таза Қазақстанға” жеке компаниялар да атсалысуда
    0
    SHARES
    37
    VIEWS

    Алматы облысының басшысы Марат Сұлтанғазиев апта соңына қарай Іле ауданындағы Боралдай кенті және Ащыбұлақ ауылдық округіндегі бірнеше ірі кәсіпорындарды аралады.

    Ең алдымен Боралдай кентіндегі кәсіпкер, Н.Сыдықов басқаратын «Кормовик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келді. Онда электр жарығының жетіспеушілігі мәселесі сөз болды. Облыс басшысы алдағы уақытта жаңа электр торабы салынатынын жеткізді. «Кормовик» жауапкершілігі серіктестігінің негізгі қызметі – жануарлардың барлық түріне арналған премикстер мен концентраттар өндіру және құс және мал шаруашылығына арналған жемшөп ингредиенттерін сату. Онда жоғары сапаны қамтамасыз ету үшін серіктестіктің өз зертханасы бар және шикізат материалдары мен дайын өнім сапасын бақылаудың қатаң жүйесін құрылған 50 адамға жұмыс көзін ашып, 400 тоннаға жуық жемнің әралуан түрін өндіреді. Облыс басшысы кездесу соңында компания қызметкерлерімен бірігіп, жүздеген жас көшеттерді отырғызды. Айта кетейік, компания Қазақстан мен Бельгия мемлекеттері арасындағы екі жақты ынтымақтастық және экономикалық келісімшарт жасасып, меморандумға қол қойылғаннан кейін салынған.

    Облыс әкімі осы Боралдай кентіндегі «FERRO CONSTRUCTION» ЖШС металл-конструкцияларын дайындау және монтаждау зауытына келді. Зауыттың директоры Владимир Баенбай зауыттың экономикалық жағдайымен кеңінен таныстырды. Зауыт металл-конструкцияларды дайындаумен және монтаждаумен айналысады. Заманауи құрылыс жабдықтарын қолданады. Компания дәнекерлеу, кесу, құрастыру, тегістеу сынды металл өңдеудің бірнеше түрін жүзеге асырады. Жылына 1800 тонна дайын өнім шығарады. Отыздан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

    Облыс басшысы сонымен қатар «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ащыбұлақ ауылдық округіндегі «Бірінші сыра зауыты» компаниясында ағаш отырғызу іс-шарасына да қатысты. «Бірінші сыра зауыты» 1958 жылы құрылған, республикадағы ең көне сыра қайнату зауыттарының бірі саналады. 57 мың тұрғыны бар Ащыбұлақ Іле ауданы бойынша халық тығыз орналасқан округ. Акцияға қос округ те атсалысып жатыр.

    Бағдат Шойбас,
    Іле ауданы

     

    1 of 8
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    8.

    Ұсынымдар

    Қазақ тазысын әлем жұрты тамашалайды

    Қазақ тазысын әлем жұрты тамашалайды

    2 years ago
    Жаңа нысандар бой көтеруде

    Жаңа нысандар бой көтеруде

    4 months ago
    Қазақтың келіні

    Қазақтың келіні

    2 years ago
    Алматы облысында ауылды дамытуға әйел басшылардың қосып жатқан үлесі

    Алматы облысында ауылды дамытуға әйел басшылардың қосып жатқан үлесі

    2 months ago
    Әкім Талғар ауданындағы аралас мектеп дауына қатысты түсінік берді

    Әкім Талғар ауданындағы аралас мектеп дауына қатысты түсінік берді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>