-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ержүрек панфиловшы

    09.05.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Тарих
    Ержүрек панфиловшы
    0
    SHARES
    24
    VIEWS

    Сұм соғыстың сындарлы жылдарында жауға тосқауыл болып, жан алысып-жан беріскен өр тұлғалар аз емес. Бірін білсек, бірі тарих қойнауында тасада қалып жатады. Солардың бірі – қан майданның алдыңғы шебінде талай ерлік көрсеткен, И.Панфилов дивизиясының құрамында болып, «І дәрежелі Отан соғысы» және басқа да орден-медальдарды иеленген Күлсабыр Дүйсебаев.

    Күлсабыр Дүйсебаев 1913 жылы сол кездегі Талдықорған облысы Андреевский ауданы Киров ұжымшарында дүниеге келген. Суық хабар жеткен 1941 жылдың жазында майданға аттанып, 8-атқыштар дивизиясында сауыт бұзушы, 67-атқыштар дивизиясы мен 30-танк бригадасында пулеметші болып, 1945 жылдың қазан айына дейін жауға қарсы аянбай күреседі. Кенигсберг қаласын жаудан азат етуде ерен ерлік көрсетеді. Екі рет ауыр жарақат алып, өлім аузынан аман қалады. Сол бір аумалы-төкпелі күндердің бірінде оны өлдіге санап, мәйіттердің арасына қосып қойған көрінеді. Күлсабыр атамыз шыбын жаны шырылдап, дәрмені таусылған әлсіз ғана даусымен көмекке шақыра бастайды. Еміс-еміс шыққан дауысты командирі естіп, ажал аузынан арашалап қалған.
    «Ер басына күн туса, етігімен су кешер» демекші, күн-түн демей күрескен күндерде етігінің ұлтарағы аяғына жабысып қалатын кездер де болған екен. Соғыс кезіндегі жаныңды түршіктіретін мұндай жайттарды айта берсең таусылмайды. Көрген қиындықтарына қарамастан панфиловшы-жауынгердің рухы сынбайды, жарқын күнге деген үміті үзілмейді. Соғыс аяқталғаннан кейін өзі туып-өскен жерінде бас есепші болып, халықтық бақылау комитетінде де қызмет атқарады. 1947 жылы Шәкен Өмірхановаға үйленіп, құтты шаңырақтан алты бала өмірге келеді. Ғылым-білімнің мәнін терең түсінген жан балаларының жоғары білім алуына үлкен көңіл бөлген. Бүгінде олар түрлі салада абыройлы қызмет атқаруда.
    Күлсабыр атамыз табиғатынан көп сөйлемейтін, сабырлы әрі қарапайым кісі болған. Кеудесін көкке көтерген тәкаппарлықтан, өркөкіректіктен ада ақжүрек жан балаларына да ешкімнің ала жібін аттамауды, сұғанақтықтан сақ болуды, адамгершілікті бәрінен биік қоюды насихат еткен.
    «Қанды соғыс – ерге сын» дегендей, Күлсабыр Дүйсебаев – сын сағатта сынақтан сүрінбей өтіп, Отан алдындағы борышын адал атқарған жан. Бейбіт күн үшін өмірін қатерге тіккен осындай ардагерлерді ұмытпай, есімдерін мәңгі есте сақтайық!

    Гүлзат Байқонысова

    Ұсынымдар

    Жеңіс Эстафетасы

    Жеңіс Эстафетасы

    1 month ago
    Жұмабай Шаштайұлы

    Жұмабай Шаштайұлы

    1 year ago
    Министрлік лагерь сөзін өзгертуді пысықтап жатыр

    Министрлік лагерь сөзін өзгертуді пысықтап жатыр

    2 years ago
    Ән бесігі – Алатау

    Ән бесігі – Алатау

    6 months ago
    Бозкілемде белдесті

    Бозкілемде белдесті

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>