Жыл сайын 15 мамырда әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық Отбасы күнін атап өтеді. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» арнайы статистика дайындады.
Мемлекеттік корпорация 2023 жылдың шілде айынан бастап 2024 жылдың сәуір айының соңына дейінгі 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркеген. Оның ішінде 40 отбасы 2024 жылдың басынан бері құрылды.
Алматы облысы бойынша 10 айда 6413 (2024 жылдың қаңтар-сәуір аралығында – 2602) неке тіркелді. Неке саны бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көш бастап тұр.
Сондай-ақ, 2023 жылдың екінші жартысынан бері елімізде 328 мың бала дүниеге келді. Оның ішінде Алматы облысы бойынша 29725 (4 айда 9305) балаға туу туралы куәлік рәсімделді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке» азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.
Айдосқызы Мөлдір,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Алматы облысы бойынша бойынша PR- менеджері