-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Инфрақұрылым

    Қонаев әкімі газ тартудың мән-жайын түсіндірді

    14.06.2024
    in Инфрақұрылым
    Қонаев әкімі газ тартудың мән-жайын түсіндірді
    0
    SHARES
    25
    VIEWS

    Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов аталған шағын аудан тұрғындарымен көшпелі жиын өткізді. Жиналыста газдандыру мәселесі талқыланды.

    Тұрғындардың сөзінше, осыдан бірнеше жыл бұрын ауданға көгілдір отын құбыры тартылуы керек болған. Алайда, құрылыс жұмыстары әлі басталмаған. Шаһар басшысы түйткілдің туындау себебіне тоқталды.

    «Қонаев қаласы облыс орталығы мәртебесіне ие болған соң, арнайы жоба жасалып, кешенді даму жоспары бекітілді. Соған сәйкес, инфрақұрылымды дамыту мақсатында 189 іс-шара қолға алынады деп жоспарлануда. Оның ішінде, көгілдір отынмен қамту мәселесі де бар», – деді Асхат Бердіханов.

    Әкімнің мәліметінше, жалпы, шаһардағы 34 пайызы  нысандардың көгілдір отынға қосылған. Биыл Арна, Рауан, 12А, 12В шағын аудандарына газ құбырын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, құрылыс-монтаж жұмыстарына бюджеттік өтінім беріліп, тиісті жұмыстар атқарылмақ.

    «Аталған жобада 3 автоматтандырылған газ тарату станциясын салу да қарастырылған. Станция жаңадан бой көтеретін нысандар мен тұрғын үйлерге қысым жеткілікті болуына мүмкіндік береді», – деді шаһар басшысы.

    Сонымен қатар халық көше жарығы, жол, ит аулау мәселесі туралы айтты. Әкім барлық проблемалардың назарға алынатынын жеткізді.

    Айта кетейік, 25 маусым күні сағат 11.00-де қала әкімі Восточный, Гүлдер, №8, 10, 12, 12А-Б, Әсем-тас, Арна, Қарлығаш шағын аудандарының тұрғындарымен Мәдениет үйінде кездесу өткізеді.

    Қонаев қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды шаралар өтті

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды шаралар өтті

    1 month ago
    “Менің елім – Менің туым!” акциясы Қонаев қаласында жалғасты

    “Менің елім – Менің туым!” акциясы Қонаев қаласында жалғасты

    2 years ago
    Михал Лабенда, дипломат: Қазақ пен поляк халықтарының тарихы ұқсас

    Михал Лабенда, дипломат: Қазақ пен поляк халықтарының тарихы ұқсас

    4 months ago
    Елімді көркейтуге атсалысамын

    Елімді көркейтуге атсалысамын

    11 months ago
    Теңге ілуден ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

    Теңге ілуден ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>