-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өңірдегі экоахуал тұрақты

    17.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Өңірдегі экоахуал тұрақты
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысына жасалған жұмыс сапары аясында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Балқаш ауданындағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен жүздесті.

    Бақанастағы әкімдік ғимаратындағы кездесуге ҮЕҰ 100-ден астам өкілі жиналды. Жүздесу барысында ауданға жолбарыс әкелу, оның ұсталу, мекендеу және одан келер қауіп мәселесі көтерілді. Негізінде 2024-2025 жылдар көлемінде Қазақстан жеріне Ресейден амур жолбарыстарының бір тобы әкелінбек болған.  Реинтродукция (лат. re – қайталама әрекетті білдіретін косымша және лат. introductio – кіріспе) – белгілі бір жануар түрінің адамның іс-әрекетінің ықпалымен бұрынғы мекен еткен ортасындағы флорасына қайта енгізілуі. Вице-министрдің айтуынша, аталған жыртқыштың реинтродукциясы осы аң түрінің таралымын қалпына келтіруге бағытталған әрі бұл өңірдегі туризмнің және ауданның тұтастай алғандағы дамуына тиімді ықпал етуге бағытталған.

    Нұркен Шәрбиев:

    – Қайта жерсіндіру үшін жақсы дайындық жасалды, соның ішінде, Балқаш көлі аумағында ерекше қорғалатын табиғи аймақ құрылды. Мысалы, Іле-Балқаш резерваты аумағында экожүйені қалпына келтіру, аумақты күзету, қабандар мен еліктерсанын арттыру жөніндегі жұмыстар сәтті жүргізіліп жатыр. Өкінішке қарай, геосаяси ахуалдың салдарынан Ресейден әкелінуге тиісті болған амур жолбарыстары жұптарының келу мәселесі тоқтап қалды. Сондықтан біз Голландиядағы әріптестерімізбен келісім жасастық. Биылғы жылдың күзінде алғашқы мәулендері әкелініп, торға орналастырылмақшы. Олар бір-екі жыл бойына сол жерде жүріп, жергілікті климатқа бейімделетін болады. Содан соң ғана барып оларды резерват аумағына босатады, – деп түсіндірді.

    Тұран жолбарысының түрленуін қалпына келтіру әлеуетінің арқасында экожүйені қалпына келтіруге және тек жолақты жыртқышты ғана емес, жануарлар мен өсімдіктердің өзге де түрлерін қайта жаңғыртуға мүмкіндік тумақ. Әрбір жыртқышқа микрочип орнату арқылы мамандардың оларды жер серігінің көмегімен қадағалауына және резерват аумағынан көшіп кету ықтималдығының жолын кесуге мүмкіндік жасалады.

    Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Ысқабаев аудан жеріне аңшылардың көптеп ағылуы туралы сауал тастады. Ақсақал: – Сексеуіл шабуға жарияланған мораторидің арқасында олардың саны арта түсті. Десек те, біздің өлкемізге лицензиясы бар аңшылардың келуінің жылдан-жылға артып отырғанын көріп отырмыз. Бұған қандай да бір шара қолдануға немесе мораторий енгізуге бола ма, – деп сұрады. Ол кісінің сұрағына жауап берген Нұркен Шәрбиев аңшы лицензиясы Қызық кітапқа енбеген жануар түрлері мен солар мекендейтін жерлерден тыс орындарға ғана берілетінін және аңдардың түр санына бақылау жүргізілетінін атап көрсетті. Дей тұрғанмен, вице-министр сөз етілген мәселенің бақылауға алынатынын баса айтып өтті. Осыған байланысты қайтадан тексеру жүргізелетінін ескертті.

    Кездесу барысында ҚР экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Нұркен Шәрбиев баяндама жасап, онда Балқаш ауданын қоса алғандағы облыстағы экологиялық ахуалдың тұрақты екенін атап көрсетті.

    –  Облыста қатты тұрмыстық қалдықтардың барлығы 7 полигоны бар. Оның тек Балқаш, Іле, Жамбыл, Талғар және Қарасай аудандарындағы 5-уі ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сай. Қонаевта, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында осы нормаларға сәйкес келетін ҚТҚ полигондары жоқ.  Сондықтан іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылға дейін Қонаевта қазіргі қолданыстағы полигонды сүріп тастап, жаңа полигон салу жоспарлануда. Өйткені коммуналдық қалдықтарға қатысты инфрақұрылым дамып келеді. Ал Іле ауданында облыста алғашқы қоқыс өңдеуші зауыт құрылысы жоспарланып жатыр. Ол «жасыл» электр қуатын өндіретін болады, – деп атап көрсетті вице-министр. Ол сондай-ақ Қонаев қаласы мен 9 ауданда ҚТҚ жекелеп жинау жүйесі енгізілгенін қосып кетті. Өз кезегінде аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бақыт Ысқабаев:

    – Облыс орталығында 90 контейнер, ал аудандарда 15-тен 100-ге дейін контейнер орнатылған. Алайда облыс аумағында жекелеп тасып шығаратын қоқыс тасығыш машиналар жоқ. Бұл өз кезегінде жүйенің тиімділігін төмендетеді. Әкімшілікке жекелеп жинап әкететін қоқыстасығыш көліктер сатып алу мен жинайтын контейнерлер санын арттыру жөніндегі шараларды қолға алғаны жөн, – деп ескертіп өтті.

    Экология және табиғи ресурстар вице-министрі 2023 жылы Экологиялық кодексті бұзғаны үшін 43 лауазымды тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап көрсете келіп, баяндамасының соңын Президентіміз өзінің бастамасы аясында 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырған болатын, осы тапсырма тұрғысынан келгенде, биылғы көктемде аймақта 267,8 гектар жерге ағаш отырғызылды. Ал күзде 6990,0 гектар аумаққа сексеуіл отырғызу жоспарланып отыр деп қорытындылады.

    Бейбіт Мекеев,

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    “Сахнаға шақырса, қазір де билеуге бармын”

    “Сахнаға шақырса, қазір де билеуге бармын”

    2 years ago
    Тренд пе, дерт пе?

    Тренд пе, дерт пе?

    4 months ago
    Егінбекке ел риза

    Егінбекке ел риза

    2 months ago
    Еңбек түбі – береке

    Еңбек түбі – береке

    7 months ago
    Әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау қажет

    Әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау қажет

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>