-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жатыр мойны обыры жасарып келеді

    19.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Жатыр мойны обыры жасарып келеді
    0
    SHARES
    32
    VIEWS

           Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді, деді Алматы өңірлік көпсалалы клиникасының гинеколог-онколог дәрігері Ақтолқын Мамадиярова баспасөз мәслихатында.

    Маманның айтуынша, дерттің негізгі себебі – жыныстық жолмен берілетін папиллома вирусы. Вирустың 100-ден аса түрі бар, соның ішінде 14-і онкогенді саналады. Әсіресе, ең қауіптісі вирустың 16-шы және 18-ші түрі.
    Спикердің айтуынша, вирус симптомсыз дамиды. Ауру белгілері байқалса, бұл бірінші немесе төртінші сатысынан хабар береді деген сөз. Көбіне жатыр мойнының обырына 45-50 жастағы әйелдер шалдығады. Дәрігердің сөзіне сүйенсек, соңғы уақытта бұл ауру жас әйелдерден де анықталып жатыр. Сондай-ақ, онкогенді папиллома вирусы тік ішек, бас және мойын обырына алып келуі ықтимал.
    «Менструалды кезеңнен тыс уақытта қан кету жатыр мойны обырының негізгі белгілерінің бірі болып саналады. Сонымен қатар иісі жағымсыз ақшыл бөлініс, іштің төменгі жағының ауыруы, салмақ жоғалту, шаршаңқылық және кейде зәрде қан пайда болуы да осы ауру белгілеріне тән», – дейді дәрігер.

    Онкологтың сөзінше, ісіктің белгілері көп жағдайда байқалмайды. Сол себепті, 25 жастан асқан қыздарға жыл сайынғы скринингтен өтіп тұру қажет. Ал, вакцина – аталмыш дертке шалдықпаудың кепілі. Өйткені, вакцинациядан кейін жатыр мойны обырына тұрақты иммунитет қалыптасады. Осы жылдың 2-тоқсанынан бастап 11 жасар қыздарға вирусқа қарсы екпе жүргізілуде. Екпе екі кезеңнен тұрады. Біріншісі қыз бала 11 жасқа толғанда, екіншісі одан бір жыл өткеннен кейін жасалады. Вакциналау ұлттық екпе кестесіне енгізілді. Бірақ, екпе ата-ананың рұқсатымен ғана салынады.

    Жалпы, әлемдік статистика бойынша, жыл сайын жатыр мойны обыры шамамен 600 000 адамнан анықталады, ал Алматы облысы бойынша былтыр 120-дан астам әйел тіркелесе, биыл жыл басынан есепке 60 әйел алынған.

    Ұсынымдар

    Рухани құндылық – тәрбие өзегі

    Рухани құндылық – тәрбие өзегі

    11 months ago
    Иппотерапия игілігі

    Иппотерапия игілігі

    2 months ago
    Алатау – Аймақ ажары

    Алатау – Аймақ ажары

    8 months ago
    Жолдауға қолдау көрсетейік

    Президент әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

    6 months ago
    Қоқыс тастағандар қыруар айыппұл арқаламақ

    Қоқыс тастағандар қыруар айыппұл арқаламақ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.