Перейти к содержимому

Дардамтыдағы таза бейсенбі

  • автор:

6 тамыз күні Ұйғыр ауданы Дардамты ауылдық округіне қарасты Дардамты ауылында да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Бұл күні ауыл тұрғындары бір кісідей жұмылып, тазалық жұмыстарына белсене қатысты. Акцияға 50-ге жуық адам… 

Таза ауыл – тұрғындар айнасы

  • автор:

Бүгін Ұйғыр ауданында ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» акциясына Бахар ауылының тұрғындары да белсенді қатысты. Таңмен таласып, сыпырғыш пен тырмаларына қолдарына алған тұрғындар ауылдың ең үлкен Достық, Илья Бахтия көшелеріне қарай жылжыды. Жұмысқа тек мекеме қызметкерлері ғана емес, ауылдың белсенді тұрғындары да араласты. Ауылдың қарттары бастап, жастары қоштап, жалпы саны жетпістен астам тұрғын бүгінгі тазалық жұмыстарына атсалысты.  Әркім өз шамасына қарай еңбек етіп, ортақ іскеүлес қосты. Бірі тазаласа, енді бірі жинап, ретке келтіріп отырды. Көшелер мен көпшілік жүретін орындарда жиналған қоқыс шығарылып, жолжиегін басып кеткен шөптер шабылды. Әсіресе бұрын назардан тыс қалып келген тұстарға көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде ауыл іші біршама жинақталып, көзге жағымды көріне бастады.Нәтижесінде 1,5 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 2 тоннаға жуық қоқыс тиісті орынға шығарылды. Мұндай істердің мәні тек айналаны тазалаумен шектелмейді. Ол адамдардың өз ауласына, өз көшесіне деген көзқарасын өзгертеді. Тазалық сырттан келмейді, ол әркімнің өз әрекетінен басталатынын бахарлықтар осы жолы тағы бір мәрте дәлелдеді.… 

Жастар жемқорлыққа қарсы

  • автор:

Ағымдағы жылдың 5 тамыз күні Ұйғыр ауданында Әл-Фараби атындағы аудандық кітапхананың мәжіліс залында “Біз жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында ашық сұхбат алаңы өтті. Бұл жолғы кездесудің ерекшелігі жастардың өзара еркін пікір алмасуына басымдық берілуі болды. Шараны аудан… 

«Таза Қазақстан» – таза болашақтың кепілі!

  • автор:

Шарын ауылында өткен тазалық жұмыстары бұл жолы өзгеше сипат алды. Мәдениет қызметкерлері ауылдың кіреберіс бөлігін ретке келтіруді қолға алып, біраздан бері назардан тыс қалған аумақты тазартты. Жол жиегіндегі қалың өскен шөптер шабылып, тікенектер алынып тасталды.… 

Мәдениет тазалықтан басталады

  • автор:

«Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуына Ұйғыр ауданының мәдениет қызметкерлері де өз үлестерін барынша қосып келеді. Бұл жолы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері өз бастамаларымен аудан орталығы Шонжы ауылының кіреберіс аумағын тазалауды қолға алды. Мәдениет тазалықтан басталатынын жақсы… 

Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

  • автор:

Алматы облысында мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Ақыл мәлімдеді.Спикердің… 

Алматы облысында жаңа оқу жылында 384 мыңнан астам оқушы білім алады

  • автор:

2026–2027 оқу жылында Алматы облысындағы 502 жалпы білім беретін мектепте 384 786 оқушы білім алады. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 5 262 оқушыға көп. Сонымен қатар, жаңа оқу жылына дейін өңірде 4200 орындық бес «Келешек… 

Отбасындағы сыйластық келеңсіздіктің алдын алады

  • автор:

Құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Бұл бағытта профилактикалық жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол бермеу және зардап шеккен азаматтарға қажетті қолдау көрсету – басты міндеттердің… 

Заң талаптарын сақтау маңызды

  • автор:

Заң талаптарын сақтау – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты шарты. Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық көмек көрсету – маңызды міндеттердің бірі.… 

Қоғамдық тәртіпті күшейту қажет

  • автор:

Қауіпсіз орта – қоғамдағы тұрақтылық пен тұрғындардың әл-ауқатының маңызды көрсеткіші. Құқық қорғау органдары мен тұрғындардың бірлескен жұмысы қоғамдық тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, заманауи бақылау жүйелері енгізілуде. Азаматтардың белсенділігі мен заңға…