Перейти к содержимому

admin

«Таза Қазақстан» аясында Шалкөдеде 7 тоннаға жуық қоқыс жиналды: Райымбек ауданындағы этнофестиваль экологиялық мәдениеттің үлгісін көрсетті

  • автор:

Алматы облысының Райымбек ауданында өткен өңірдің 90 жылдығына арналған «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі ұлттық мәдениетті ұлықтаумен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының негізгі алаңдарының біріне айналды. Үш күнге созылған мерейтойға 25 мыңнан астам адам қатысып,… 

Талғарда өрт сөндіру бөлімі ашылды

  • автор:

Елімізде халықтың өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қай кезде де маңызды басымдықтардың қатарындағы мәселе. Әсіресе шілденің 40 градустан асатын шіліңгір ыстығында бұл өте өзекті. Осы тұрғыда Талғар қаласында жаңа өрт сөндіру депосының салтанатты ашылуы… 

Райымбек ауданына — 90 жыл: Балуандар бақ сынады

  • автор:

Шалкөде жайлауында өткен Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Тартысты бәсекеде түйе палуандар белдесіп, 100 келілік тас, бөрене көтеру, арба сүйреу, тағы басқа да тартысты… 

Райымбек ауданына — 90 жыл: Бәйге жеңімпазы автокөлік иеленді

  • автор:

Шалкөде төрінде өткен Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Жолан жүйрігі» республикалық ат бәйгесі халыққа ерекше әсер сыйлап, шара қорытындысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар марапатталды. «Жолан жүйрігінде» еліміздің әр өңірінен және шетелдерден келген таңдаулы… 

Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында қандай жаңа жеңілдетілген кредиттік бағдарламалар іске қосылды және олардың негізгі шарттары қандай?

  • автор:

Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында жайылымдық мал шаруашылығын одан әрі дамытуға және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған «Жайлау» жаңа жеңілдетілген кредиттік өнімі іске қосылды. «Жайлау» бағдарламасы қуаттылығы 300 бастан кем емес ірі қара мал… 

Мемлекет басшысы Райымбек ауданының 90 жылдығымен құттықтап, ізгі тілегін жолдады

  • автор:

Үш күнге созылған Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысып, ел Президентінің құттықтау хатын оқып берді. Әйгілі Шалкөде жайлауында жалауын желбіреткен салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет, өнер, білім, басқа… 

Райымбек ауданына — 90 жыл: «Хантәңірі қазынасы» этнофестивалі өтті

  • автор:

«Шәлкөде, ыстықсың, сен маған» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, әйгілі Шәлкөде жайлауында «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі өтті. Мерекеге арнайы келген ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жиналған көпшілікті ауданның 90 жылдығымен құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт… 

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында поэзия кеші өтті

  • автор:

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі көкпар ойынымен бастау алды.  Екі күнге созылатын додада өңірдің әр түкпірінен келген командалар бақ сынасуда. Одан соң Берел ауылындағы «Патшалар алқабы» тарихи-мәдени… 

ЖАС САРБАЗДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

  • автор:

Алатау қаласындағы 6654 әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борышын өтеуге келген жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті. Жауынгерлік Ту салтанатты түрде сап түзеген сарбаздардың ортасына әкелініп, Мемлекеттік Гнмн орындалғаннан кейін ант қабылдау рәсімі басталды. Біркелкі… 

Алтын түйме

  • автор:

Өрнек қорымындағы обаларға музей-қорық қызметкерлері қазба жұмыстарын жүргізу барысында қыш, металл бұйымдармен қатар алтыннан жасалған, б.з.д. V-IV ғасырларға тиесілі әшекейлер тапқан. Ондағы алтын түйменің диаметрі – 1-1,5 см, биіктігі – 0,1 см. Технологиялық ерекшеліктеріне қарағанда… 

↑