Перейти к содержимому

Шөп өртегендер жауапкершілікке тартылды

Алматы облысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Самат Кенжехан хабарлады. «Облыста өрт… 

Кәсіпкер желтоқсаншыға үй сыйлады

Іле ауданында тұратын белгілі кәсіпкер Нұрлан Түймелиев Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жергілікті қаламгер Бағдат Қашқынбаеваға үй салып берді. Кәсіпкер Нұрлан Түймелиев қайырымдылық жасауды өзінің азаматтық парызы деп санайды. Сондықтан талай игі істің ұйытқысы болып жүр. Өткен… 

Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен

Адамдардың қаза болуына рұқсат етілмеген аумақта суға түсу, қауіпсіздікті сақтамау, мас күйінде шомылу себеп болып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, лейтенант Артем… 

Алматы облысында аптап ыстық алдағы күндерде де сақталады

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті алдағы күндері облыс аумағында ауа райы 42 градусқа жететінін ескертті. Ведомствоның мәліметінше, «Қазгидромет» мекемесінің 17 шілдедегі ескертуі негізінде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 18-19 шілде күндері түстен кейін 42… 

Қонаевта жағажайдағы самбодан ел біріншілігі аяқталды

Қапшағай су қоймасының жағалауында жағажайдағы самбо күресінен ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан 10 команда құрамында 150-ге жуық спортшы қатысты. Жалпы командалық есепте Қарағанды облысы 1 орын, Алматы облысы… 

«Қазақстанда жасалған» немесе бес жылдағы биік белес

Бүгінгі таңда тез дайындалатын кеспелердің танымалдылығы артқан. Ересектер мен балалар да тіл үйірген тағамның дәміне ерекше қызығады. Осы орайда еліміздегі ең танымал «Роллтон», «Бигбон» кеспелерін дайындайтын кәсіпорын – Mareven Food Tien Shan-ның қызметі қарқын алып,… 

Алматы облысында бірнеше елдімекеннің атауы өзгереді

Алматы облысының мәслихаты облыс әкімдігінің қаулысы негізінде Іле, Кеген, Талғар аудандарында он ауыл мен ауылдық округ атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Елдімекендер атауын өзгерту туралы шешім үш аудан халқының пікірлерін ескере отырып, өкілді және атқарушы… 

Тұрғындар тілегін кім тыңдайды?

Талғар – Алматы облысындағы әлеуеті үлкен іргелі аудандардың бірі. Халқының саны 200 мыңнан асып барады. Биыл бұл әкімшілік бөліктің құрылғанына 85 жыл толады. Аудан орталығы саналатын Талғар қаласы тұрғындарының саны да 50 мыңға жуықтап қалды.… 

Өңірде ұлттық спорт түрлерін серік еткендер қатары көбейді

Алматы облысы кейінгі жылдары ұлттық спорт түрлерімен тұрақты айналысатындар саны күрт артқан өңірлер қатарына енді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, елімізде кейінгі 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 35 пайызға артты. Салыстырмалы түрде алғанда,… 

Қапшағайда 8 адам мінген қайық суға батып кете жаздады

Қапшағай су қоймасында бір отбасы мінген қайық суға батып кете жаздады. Құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетіп, 8 адамды аман-есен жағаға жеткізді. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. «15 шілдеде сағат 17:50-де профилактикалық патрульдеу…