Перейти к содержимому

Қазгидромет: Алматы облысында ауа-райы күрт бұзылады

Қазгидромет синоптиктері 22 мамыр, дүйсенбі күні бірқатар өңірде күн бұзылуына байланысты ескерту жариялады. Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, кей уақытта қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Солтүстік-шығыс желінің қарқыны найзағай… 

Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогы өтіп жатыр

20-29 мамыр күндеріне ұйымдастырылған Әлем Кубогы Іле ауданындағы Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатыр. Жарысқа 42 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Қатысушылар осы жарыста спорттық рейтингті ISSF кестесі бойынша көтеруге және келесі жылы Францияда… 

Алматы облысында «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшілері» анықталды

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы жыл сайын өткізіледі. Бұл шара мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылады. Биыл конкурсқа қатысу үшін өңірлік комиссияға Алматы облысының 48 мемлекеттік қызметшісі өтініш білдірді.… 

Алматы облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары тағайындалды

Қақазстан Президенті әкімшілігінің мақұлдауымен және Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәулет Шайтұрсын облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Дәулет Шайтұрсынұлы 1988 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қазақ… 

Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Талдықорғанда өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов хабарлады. «Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы… 

Қонаевта «Mузей-fest 2023 Қонаев city» фестивалі өтті

Аталған шара Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылды. Облыстық мәдениет басқармасы мамандарының айтуынша, шараның «Музейлер түні» аталуының өз себебі де бар. «Музейлер көрермендер үшін түнге дейін жұмыс істеген. Сондықтан фестиваль атауын сол дәстүрге сай қойдық. Шараға… 

Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлова айтты. Ләззат Бейсеқұлованың мәліметінше, департаментке жыл басынан бері 86 шағым түскен. Оның 60-ы қаралып, 26-сы тиісті мемлекеттік органдарға… 

«Науқастармен жұмыс істеу үшін жауапкершілік пен кәсіби шеберлік қажет»

Алматы облысының жедел жәрдем станциясы мамандырылған реанимациялық бригадасының фельдшері Өміржан Қуаныш, аталмыш салаға кейінгі 9 жыл өмірін арнаған. Оның айтуынша, мамандыққа ең алдымен жауапкершілікпен қарау керек. Өйткені адам тағдырына қатысты шешуші сәтте әр минут санаулы,… 

Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық, бірлескен азық-түлік хабы, визасыз режим

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары барысында Сиань қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «Орталық Азия — Қытай» саммитіне қатысты. Жиында Президент тек Қазақстан үшін ғана емес, аймақаралық бірқатар маңызды мәселені көтеріп, елдер арасындағы сауда-саттық, логистика, туризм… 

ҚазҰУ-да қазақ тілін деңгейлеп оқыту мәселелері талқыланды

19 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін деңгейлеп оқыту мәселелері» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел модераторы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚТБ кафедрасының меңгерушісі, филология…