Перейти к содержимому

«Ескерткіш те сөйлейді»

Қазақ жері қазба байлығымен ғана емес, өткеннен сыр шертетін тарихи жәдігерлерімен де әйгілі. Оларға қатысты болжамдар, көзқарастар, пікірлер толастамайды. Бір ғана «Алтын адам» табылған Есік қорғандарын алайықшы, бізге беймәлім жұмбақтары әлі де көп. Бұл бағыттағы… 

Полиция азаматтық ала алмаған қандастар мәселесіне жауап берді

«Алатау арайы» газетінің №66 (83) 10 маусымдағы санында Ерзат Асылдың «Құжаты жоқтың құқығы да жоқ па?» деген мақаласы жарық көрген еді. Онда Еңбекшіқазақ ауданында қандастарымыздың ел азаматтығын ала алмай, әуре-сарсаңға түскені, Шелек ауылындағы көші-қон бөлімінде… 

Әкім шатыры өртенген үйге табиғи газ тартуды тапсырды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында шатыры жанып кеткен 2-шағын аудандағы №36 көпқабатты тұрғын үйді аралап көрді. Ол 4-қабаттағы 23-пәтерде тұратын 70 жастағы әжеймен сөйлесті. «Ұйықтап жатқанмын, түнгі сағат 2-де оянып кеттім. Бірдеңе тарс-гүрс… 

Тұрғындар экология мен денсаулыққа залалы бар зауыттарды жабуды талап етті

Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округі Қайназар ауылының тұрғындары «Құрылыс Көмек – ХХІ» кірпіш зауытының жұмысы бойынша бірнеше мәрте наразылық білдіріп, ақыры сот шешімі негізінде зауыттың кірпіш кептіргіш бөлмесі және өз еркімен рұқсатсыз салынған қойма түріндегі… 

Жақсы көршің — тынысың

Осы жылдың мамыр айында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен ҚХР Үкіметтері арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылған болатын. Нәтижесінде, қазақстандықтарға Қытайға 30 күн визасыз бара алатын мүмкіндік туды.… 

«Қандас» мәртебесін алу жеңілдеді

Қазақстан үкіметі сырттағы этникалық қазақтардың «қандас» мәртебесін алуын жеңілдетті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, еліміздің шет елдердегі елшіліктері арқылы «қандас» мәртебесін алудың жаңа тетігін іске асыру жөніндегі пилоттық жоба аясында «бірыңғай терезе» қағидаты… 

Қонаев қаласында құрылыс 2 кезең бойынша жүргізіледі

Үкімет кеше Қонаев қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарын бекіткен. Осыған орай, Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Болат Мұсылманбеков тілшілерге сұхбат беріп, Бас жоспардың қалай орындалатынын түсіндірді. Мұсылманбековтің айтуынша, ең алдымен құрылыс… 

«Сын-қатер де бар, тарихи мүмкіндік те жоқ емес»

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас ұзақ мерзімді жан-жақты стратегиялық серіктестік сипатына ие екені белгілі. Бүгінде екі елдің шекаралас аумақтарының өңіраралық байланысы нығайып келеді. Дегенмен, көп көңілінде шығыстағы көршіміз жайлы күңгірт түсініктер мен күмәнді сұрақтар аз… 

Қымыздан асқан дәм бар ма?!

Арудан асқан жан бар ма, Жылқыдан асқан мал бар ма?! Биенің сүті сары бал, Қымыздан асқан дәм бар ма?! – деп, Ақтамберді бабамыз жырлағандай, Қарқараның хан жайлауында ауа райының қолайсыздығына қарамастан «Қымызмұрындық – 2023» фестивалі… 

Талапкерлерге техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері молайды

Елімізде биыл техникалық және кәсіптік білім беру үшін республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс 50 мың орынға ұлғайтылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының жауабында айтты. «Мемлекет басшысының…