Ұлылар үндестігі
Бұл өзі жетпісінші жылдардың ортасында болған оқиға. Әні әуелеген, атағы дүркіреген біздің Нұрекеңе, Нұрғиса Тілендиевке ақын бауырлары атынан түсіп амандасатын. Телефонға да тыным жоқ. Композитордың мазасын алмайтын, қолқа салмайтын бір адам болды. Ол – Мұқағали!…









