Перейти к содержимому

Меншік құқығы — мемлекет пен қоғам тұрақтылығының негізі

  • автор:

Меншік құқығы — кез келген демократиялық және құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әрбір азаматтың заңды түрде иеленген мүлкіне қол сұғылмайды. Меншікті қорғау – тек жеке адамның мүддесі емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуы мен инвестициялық тартымдылығының кепілі.   Қазақстанда меншікті қорғаудың негізгі тетіктері Азаматтық кодексте айқын көрсетілген. Егер азаматтың мүлкі заңсыз тартып алынса немесе оған зиян келтірілсе, ол сот арқылы өз құқығын қорғай алады. Заң бойынша ешбір адам соттың шешімінсіз өз мүлкінен айырылмайды. Мемлекет мұқтажы үшін жер немесе мүлік алынған жағдайда да, оның құны нарықтық бағамен толық өтелуі тиіс.  Әрбір азамат өз мүлкінің заңмен қорғалғанын сезінгенде ғана елде тұрақтылық пен береке орнайды. Мемлекет бұл құқықтың бұзылмауын бақылауда ұстауды әрі қарай да жетілдіре беруі тиіс. «Балқаш өңірі» газеті

Отбасы – бақыт бесігі

  • автор:

Баланың бірінші тәрбиешісі – ата-анасы екені белгілі. Соңғы кездері педагогтер осыны негізге ала отырып, тек білімге ғана емес, сондай-ақ мектептегі тәрбиеге де жиі назар аудара бастады. Осыған орай Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы № 46 мектепте… 

Жайлы баспана – ел игілігіне!

  • автор:

Ұйғыр ауданында 26 отбасына баспана берілді. Жылдап тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар үшін бұл үлкен қуанышты сәт болды. Өткен жылы құрылыс бөлімінен сатып алынған үйлер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөліміне өткізілген болатын.… 

ҮНДЕУ

  • автор:

Қонаев қаласының әкімдігі «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес Қапшағай су қоймасы жағалауындағы жағажайлар мен демалыс орындарын заң талаптарына сай жабдықтау мақсатында жағажай және демалыс орны иелерін, жауапты тұлғаларды және азаматтарды төмендегі міндетті заң талаптарын сақтауға… 

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Боралдай кентінде «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті

  • автор:

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында Боралдай кентінде жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткінің зияны туралы ақпараттандыру бағытында «Есірткіге жол жоқ!» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға полиция қызметкерлері,… 

Заң мен тәртіп — жаңа қаланың тұрақты дамуының негізі

  • автор:

Алатау қаласы бүгінде қарқынды дамып келе жатқан, болашағы зор жаңа қалалардың бірі. Қаланың инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырумен қатар, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету де басты назарда. Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен… 

«Заң мен Тәртіп»: Қонаевта кибералаяқтыққа қарсы профилактикалық шара өтті

  • автор:

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қонаев қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға қазіргі уақытта кең таралған қылмыс түрі – интернет және байланыс құралдары арқылы… 

Есірткісіз ұрпақ – жарқын болашақ

  • автор:

Қонаев қаласындағы Б.Соқпақбаев атындағы саябақта Халықаралық нашақорлыққа және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Біздің таңдауымыз – денсаулық!» атты облыстық денсаулық фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге… 

Мемлекеттік қызметшілер жарыс жолына шықты

  • автор:

Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде Алматы облысы мемлекеттік қызметшілері арасындағы XVIII спартакиада басталды. Ауқымды спорттық іс-шара өңірдің барлық аудан-қалаларынан келген жергілікті атқарушы органдардың, әкімдік аппараттарының және күштік құрылымдардың өкілдерінен құралған командаларды бір алаңға тоғыстырды. Биылғы… 

Жүрегіңе үнім жетер ме?..

  • автор:

Мен оны ғайыптан кездестірдім… Таудың ішімен келе жатып. Тамырлары тереңге кеткен қарағайлардың ортасында жалғыз өзі тұрды. Сабырлы. Бейне бір өзінің жалғыздығын білдіргісі, мойындағысы келмейтіндей көрінген… … – Қызыл қайың?.. Сенбісің? Неге жалғызсың?.. Талай себелеп құйған…