Перейти к содержимому

Қаламгер кабинеті ашылды

Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы №4 орта мектебінде белгілі жазушы, қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы Нағашыбек Қапалбекұлының «Миллионер» атты жаңа кітабының тұсауы кесіліп, конференц-кабинеті ашылды. «Жазушы тағылымы» атты кездесуде қаламгер жастарға тәрбиелік мәні зор әңгіме айтты.… 

«Жайылым» жобасы жалғасады

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінде жайылымдарды тұрақты пайдалануға мүмкіндік беретін, көпжақты серіктестік пен инновацияны негіз еткен «Жайылым» жобасының жұмыстарына арналған конференция өтті. Аталған жиынға Еуроодақтың Қазақстандағы Ынтымақтастық департаменті басшысы Йоханнес Бауэр, «Қазақстан АгроОдақ» қауымдастығының президенті Алик Сағындықов,… 

Ғасыр феномені

Қазақ ұлты, қазақ елі қай ғасырда да дарындарға, таланттарға кенде болған емес. Әсіресе, әдебиет пен өнер саласында көп. Осы бағытта қазақ руханиятының бай да байтақ тарихын мақтанышпен айта аламыз. Ұлт руханиятының ұлы ұстындары бар емес… 

Үздік өнер көрсетті

Қарасай ауданы Шамалған ауылында орналасқан «Үшқоңыр» спорт кешенінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты құрылым қызметкерлері арасында өткен спартакиада мәресіне жетті. Аталған спартакиадаға 9 аудан мен Қонаев қаласынан 10 команда жасақталып, барлығы 350 адам… 

Тарихың қайда, тарланым?

Биылғы 4 қаңтарда «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы «Есімі – жаңа, тарихы – көне» деп облыстық газеттің қоғамдық-саяси мәртебесін сөз етті. Тарихын еске салды. Іле-шала бұл пікірді Мейрамбек Төлепберген, Жұмаш Арғымбайұлы, Марат Тоқашбаев… 

Қонаевтың туған күнінде

Сағат он бірдің кезінде негізінен зейнеткерлер және мен секілді қолы бостау адамдар қыдыратын Мұхтар Әуезов музей-үйінің алдындағы қыста қарға толып қалатын фонтанды енді айнала бергенімде, атымды атап айқайлаған жіңішкелеу таныс дауыс естілді, жалт қарасам, Бекең… 

Жол беріңдер 103-ке!

Қарағандыда «Жедел жәрдем» жүргізушісін аяусыз соққыға жыққан бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, елдің ашу-ызасын туғызған еді. Көп ұзамай әлгі есерсоқ ұсталды. Араға бірер күн салып Ақмола облысында тағы осындай оқиға болды. «Жедел жәрдем» жүргізушісінің жағасына жармасып… 

Құмар ойын құрдымға құлатады

«Жан әлемі» айдарының бүгінгі тақырыбы құмар ойынға арналады. Өйткені, құмар ойынға салыну да жан әлеміндегі теріс құбылыс әрі психологиялық дерт саналады екен. Қазіргі таңда құмар ойынға қызығатын жастар қатары көбеюде. Қоғам дертіне айналған ойынқұмарлық адамдарды… 

Көлеңкелі бизнеске тосқауыл

Облыстық қоғамдық-саяси «Алатау арайы» газетінің №21 (182) санында (20 ақпан, сейсенбі) жарияланған журналист Айжарық Көптілеуовтің «Жолақы жыры бітер ме?» атты мақаласы бойынша Қонаев қаласының әкімдігі төмендегі жағдайды баяндайды: ҚР Автомобиль көлігі туралы Заңға сәйкес, қалаішілік… 

Бар жақсылық — балаларға

Қарасай ауданындағы «Altamir» жиһаз фабрикасында Алматы облысындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын білім шаңырақтарын жиһазбен, көрнекі құралдармен және арнайы пән құрылғыларымен қамтамасыз ету мәселесіне арналған көшпелі отырыс өтті. Оған арнайы комиссия мүшелері, мектеп құрылысын…