Перейти к содержимому

«Қандас» мәртебесін алу жеңілдеді

Қазақстан үкіметі сырттағы этникалық қазақтардың «қандас» мәртебесін алуын жеңілдетті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, еліміздің шет елдердегі елшіліктері арқылы «қандас» мәртебесін алудың жаңа тетігін іске асыру жөніндегі пилоттық жоба аясында «бірыңғай терезе» қағидаты… 

Электрлі көліктерді жеңілдетілген тәртіппен қалай әкелуге болады?

Қазақстан азаматтары осы күнге дейін елге жеңілдетілген тәртіппен, яғни кедендік баждар мен салықтарды төлемей-ақ 3442 электромобиль әкелді. Қазақстан Қаржы министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы шешімімен 2022 және 2023… 

Қонаевта көпқабатты үйдің шатыры өртеніп, 210 адам эвакуацияланды

2 тамызға қараған түні Қонаев қаласында көп пәтерлі үйдің шатыры өртеніп, 210 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт түнгі сағат 2 шамасында 2-ықшамаудандағы 36 көпқабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерлердің бірінде басталған. Жанған үйден 210 адам эвакуацияланып, жатақханаларға,… 

Қонаев қаласында құрылыс 2 кезең бойынша жүргізіледі

Үкімет кеше Қонаев қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарын бекіткен. Осыған орай, Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Болат Мұсылманбеков тілшілерге сұхбат беріп, Бас жоспардың қалай орындалатынын түсіндірді. Мұсылманбековтің айтуынша, ең алдымен құрылыс… 

Үкімет Қонаев қаласының Бас жоспарын бекітті

Алматы облысының орталығы ретінде жаңа әкімшілік статусқа ие болғаннан кейін, Қонаев қаласын дамытудың жаңа стратегиясы айқындалды. Таяу кезде қаланы дамытудың негізгі бағыттары ҚР Үкіметінің тиісті қаулысымен бекітілген Қонаев қаласының Бас жоспарында көрсетілген, деп хабарлайды primeminister.kz… 

Тойдан тобықтай…

Қасиетті Қарқара өңірі ғана емес, күллі Алматы облысы тұрғындары да аңсай күткен «Қымыз фестивалі» де көрген түстей өте шықты. «Тойдың болғанынан да боладысы қызық» деген осы. Жарнамасының өзі жалпақ жұртты жалт қаратқан бұл жиынның басты… 

Алматы облысында 38 медициналық мекеме салынады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналықсанитарлық көмек бойынша штаттан тыс үйлестірушісі, Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының директоры Жәмила Әбеуова баяндама жасады. Ол өз… 

Ескертпеден еш нәтиже шықпаған

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында жаңадан салынып және күрделі жөндеуден өтіп жатқан құрылыс нысандарын кезекті рет аралап шықты. Алдымен қалалық орталық саябақтағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан облыс басшысы «Ремпуть компаниясы» мердігер мекемесі тарапынан… 

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің 31 шілдедегі өкіміммен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Ахметов Данияр Дүйсенбіұлы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының лауазымына тағайындалды.   Данияр Дүйсенбіұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары. 2006 жылы Қазақ… 

Үкімет қаулысына толықтыру енгізу жобасы жарияланды

Жоба «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095…