Ұлытау облысында Жалпыұлттық коалиция мүшелері шахтерлермен жаңа Конституция жобасын талқылады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің Ұлытау облысына сапары аясында Сәтбаев қаласындағы «Анненская» шахтасының жұмысшыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызда өтетін алдағы республикалық референдум мәселелері талқыланды.…









