Перейти к содержимому

Мемлекет басшысы елде волонтерлік қызметті дамыту жолдарын ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Елордада өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумына арнайы қатысып, сөз сөйледі. Жиында өз өмірін өзгелерге арнап, альтруизмнің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген жандарды Президент бейбітшілік пен мейірімнің шын елшісі деп атады. 20… 

Тұтынушылар құқықтарын қалай қорғайды?

Қазақстандағы бұл сала елдегі маңызды салалардың бірі болып табылады, жыл сайын азаматтардан мемлекеттік органдарға тұтынушылық даулар бойынша 40 мыңға жуық өтініш келіп түседі. Тауар сатып алу кезінде немесе қызмет көрсету саласында алдауға тап болмайтын бірде-бір… 

Әкелер доп тебуден бақ сынасты

Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылында 40 жастан асқан ер азаматтар арасында футболдан жарыс өтті. Оған Райымбек, Ұйғыр және Панфилов аудандарынан келген 8 команда қатысты. Аталған жарыс елімізде тұңғыш рет өткен Әкелер күніне арналды. Қатысушылар жас ұрпаққа… 

Зейнеткерлерді зеріктірмейтін орталық ашылды

Алматы облысы Есік қаласында зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған орталық ашылды. «Белсенді ұзақ өмір» деп аталатын орталықта қарттарға мол мүмкіндік жасалған. Онда олар өзара әңгімелесе отырып, шығармашылықпен айналысады. Медициналық көмек алады. Сондай-ақ, салауатты өмір… 

Қапшағай жағасында ерекше күтімді қажет ететін балаларға жазғы лагерь ашылды

Алматы облысында Қапшағай көлінің жағасында орналасқан «Балдәурен» оқу-сауықтыру кешенінде ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған «All Ability Camp» спорт лагері алғаш рет өз жұмысын бастады. Салтанатты түрде ашылған жазғы лагердің бір маусымы 5 күнге созылады.… 

Алматы облысына Оңтүстік Корея делегациясы сапарлап келді

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Оңтүстік Корея мемлекетінің делегациясын қабылдады. Аймақ басшысы екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бергі 30 жыл ішінде достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық дамығанын атап өтті. Екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды… 

Облыс басшысы Іле ауданында әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Іле ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев құрметті қонақтарға ауданды кеңінен таныстырды. Алдымен КазЦИК ауылына ат басын бұрып, Дінмұхамед Кузиев басқарып отырған газобетон шығаратын… 

Қазақстан дзюдо құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында 7 медаль еншіледі

Қазақстанның дзюдо құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль жеңіп алып, 42 елдің арасында жалпыкомандалық есепте 4-орынға ие болды. Бұл туралы egemen.kz Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап… 

Алматы облысында имамдар боз кілемде белдесті

Қонаев қаласында қазақ күресінен «Имам барысы» турнирі өтті. Облыста тұңғыш рет жалауы желбіреген додаға 80 келіге дейінгі және 80 келіден жоғары салмақ дәрежесi бойынша Іле, Қарасай, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарынан келген мешіт имамдары қатысты.… 

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында XV жазғы спартакиада өтті. Жарысқа қала мен аудан әкімдіктерінен және құқық қорғау саласы қызметкерлерінен құралған 17 команда қатысты. Екі күнге созылған спартакиадада…