Перейти к содержимому

Қазақстанда мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі

Қазақстанда мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі. Қазақстан үкіметі қабылдаған қаулыға сәйкес, бұған дейін қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтіліп келген мұғалімдер күні енді Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендіріліп, 5… 

Әкім: Жерді пайдалануда салық салудың жаңа режимін енгізу қажет

Қонаев қаласында бүгін облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде салық төлеушілер қауымдастығының конференциясы өтті. Шарада салық тақырыбы тереңнен талқыланып, заң аясындағы өзгерістер жайы тарқатылды. Конференцияға қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, Жоғарғы соттың мүшелері, мемлекеттік… 

АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

Алматы облысының Жамбыл ауданында АЭС салу жоспары бойынша ашық тыңдау кейін өтетін болды деп хабарлайды Жамбыл ауданының әкімдігі. Бұған дейін ашық тыңдау 28 ақпанда Жамбыл облысының Үлкен ауылында өтеді деп жоспарланған еді. «Барлық деңгейдегі мәслихат… 

Смайылов: Жетісу облысының транспорт-логистикалық әлеуеті зор

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің транспорт-логистикалық және агроөнеркәсіп әлеуетінің дамуымен танысты. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Сапар барысында премьер-министр Талдықорған-Қалбатау-Өскемен, Үшарал-Достық, Сарыөзек-Көктал, Лепсі-Балқаш жолдарын реконструкциялау жайымен танысты. Смайылов іске… 

Әкім: Алматыда 2025 жылға қарай дизельді автобустар жүрмейді

Алматы әкімі Ерболат Досаев қала экологиясын жақсарту үшін «жасыл дәліз» концепциясы іске асырылатынын мәлім етті. ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, әкім Досаев бұл туралы бүгін Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты. «Кеше президент «жасыл дәліз» құру: қалада өзендер… 

Президент Алматыда сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы есебін тыңдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Ерболат Досаев президентке қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын әзірлеу жайын баяндады. Оны… 

Көктемгі егіс науқаны

Үкімет басшысы: Көктемгі егіс науқанына 140 млрд теңге бөлінеді

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында көктемгі егіс науқанына дайындық барысын пысықтап, кемшіліктерді жоюға тиісті тапсырмлар берді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Премьер-министрдің сөзінше, үкімет биыл көктемгі егіс науқанына былтырғыдай 140 млрд теңге бөлуді қарастырып отыр. 413 мың…